» » Қызылордада балабақша көлігі апатқа ұшырап, тәрбиеші қаза тапты

Қызылордада балабақша көлігі апатқа ұшырап, тәрбиеші қаза тапты

 Қызылорда қаласында балабақша көлігі апатқа ұшырап,тәрбиеші қаза тапты. Сондай-ақ жарақаттанған балалар да бар, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

 Бейресми дерекке сүйенсек, 25 тамыз күні кешке балаларды балабақшадан үйіне алып шыққан Газель жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан балабақша тәрбиешісі Эльмира Сейілова аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Алайда ажалдан өмірін арашалап қалу мүмкін болмапты. Сонымен қатар, көліктегі балалар да жарақаттанған. Олардың жағдайы жайлы әзірге мәлімет жоқ. Ал балабақша көлігі «Хандәулет» балабақшасына тиесілі екен.

Оқиғаның мән-жайын білмек болып облыстың білім басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Сұлушаш Сапарбаеваға хабарласқан едік, ол осы апатқа байланысты ресми органдар арнайы брифинг өткізетінін ғана айтты.

Қайтыс болған тәрбиешінің көршілерінің бірі Болаттың айтуынша, балаларды таситын көлікті 25-ке толмаған жас жігіт жүргізіп келген.

«Естуімше, шопырдың өзі сап-сау дейді. Оның тәжірибесі бар-жоғы тексеріліп, анықтала жатар. Ал қаза болған болған келіншек 1985 жылы туған. Оның артында жолдасы мен төрт баласы қалып отыр. Аяқ астынан болған қаза жақындарына оңай тиіп отырған жоқ», – дейді ол.

Ал Эльмира Сейілованың туыстарының бірі Айманның айтуынша, марқұм апат кезінде басынан соққы алған және қолы қатты жарақаттанған.

«Көліктегі балалар аман екен. Үш бала зардап шегіпті. Эльмираның қасында тағы бір келіншек болған, ол да абырой болып аман қалыпты. Тек Эльмираның жағдайы ауыр болыпты. Оның балабақшаға жұмысқа тұрғанына да бір жылдай болып қалған еді. Көлік жүргізетін бала 1993 жылғы екен. Алдында келе жатқан көлікті айналып өтем деп, жолдың қарсы бетіне шығып кетіпті», – дейді ол.

(Эльмира Сейілова. Фото әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің маманы Салтанат Мұратовамен тілдескенімізде ол осы жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Алайда, оқиғаның қалай болғаны туралы ашық айтпады.

Ибраш ӘЛИ


28 тамыз 2017 г. 2 812 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 206 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031