Сенат төрағасы мұғалімдердің жалақысын көтеруді ұсынды
Осы орайда ҚР Сенатының төрағасы ұстаздардың әлеуметтік жағдайына мән беруді шақырды.
«Мұғалімдерді мемлекеттік наградалармен, сыйақылармен ынталандырып, олардың еңбегін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау қажет. Материалдық және моральдық ынталандыруды дұрыс жолға қоймасақ, біз мұғалім кәсібінің мәртебесін жоғарылата алмаймыз», - деді ол.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам арасында мұғалімнің мәртебесі төмендеп кеткенін ашына айтты.
«Қазіргі уақытта талапкерлер көп жағдайда педагогикалық жоғарғы оқу орындарына оңай түсуге болатын оқу орны» деген қағидат бойынша таңдайтыны жасырын емес. Өйткені педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсуге қажетті балл саны басқа мамандықтармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Мұндай жағдай келешекте оқытушылар құрамының сапасына тікелей кері әсер ететіні анық. Ал бұл толығымен керісінше болуы тиіс», - деп түйіндеді сөзін Сенат төрағасы.