» » Сағынтаев Сағадиевке: «Жасадық дегеннің біреуі де жұмыс істемейді»

Сағынтаев Сағадиевке: «Жасадық дегеннің біреуі де жұмыс істемейді»

 Бүгін Үкімет үйінде білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтан мектеп оқулықтарының ауыр салмағы мен электронды форматқа көшу мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Edunews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
«Өзіңіз айтып жүрген оқытудың жаңа мазмұны жөнінде, оқушыларды бағалау мәселесі, электронды журналдар бойынша және де төменгі класстағы балалардың сөмкелерінің салмағы көтеріліп кетті деген секілді көптеген сауал шығып жатыр. Бұған не деп жауап бересіз?» - деді Үкімет басшысы.
Білім министрі жаңартылған мазмұн бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ал балалардың 70%-і жаңа бағдарлама бойынша оқып жүргенін айтты.
«Ата-аналар да, балалар да түсінді. Мұғалімдер жұмысқа кірісіп кетті. Тағы бір жыл берсе бәрі өз орнына келеді. Сөмке мәселесі бойынша, биыл алғаш рет оқулықтардың қандай қағаздан жасалатыны жөнінде норма енгіздік. Сосын формасын, көлемін бір нормаға қоятын құжаттар енгізіп, бекіттік. Оны шешу жолы – мектептерде арнайы шкаф, кітап қалдыратын орындар салу. Сынып ішінде болмаса дәлізге салуға болады. Екіншісі, электронды оқулықты енгізу. Қазір өзімізде электронды оқулықтар бар. Оны жиі пайдаланады. Әрі қарай дамыту қажет болып тұр. Жоспар бойынша екі жыл ішінде оқулықтар 100% электронды түрде шығатын болады», - деп жауап берді Сағадиев.
Осыдан кейін Үкіметте жарты минут тыныштық орнады. Екі жыл ішінде деген сөзінен соң министр «енді не істейміз?» деп кейіді. Сағынтаев электронды оқулықтардың барлық пән бойынша қанша пайыз екенін сұрады.
«Жаңартылған мазмұнға көшкен сыныптарда электронды оқулықтар 100% енгізілген. Үш жыл ішінде білім саласы толығымен көшеді ғой. Сонымен 100% оқулықтар электронды түрде шығады, қазіргі уақытта 70%», - деді Білім және ғылым министрі.
Министрдің жауабына көңілі толмаған Үкімет басшысы білім саласындағы іс жүзінде шешімін таппаған мәселелерлі тізбектеп берді.
«Рюкзактардың салмағына келер болсақ, жаңа стандарттар жасадық дедік. Ол стандарттар бойынша кім кітаптарды жеңілдетіп, қағаздарды кім шығарып жатыр? Баяғы сол салмағы ауыр кітаптар. Электронды оқулықтар барлық пән бойынша жоқ. Яғни, біз бір жағынан жасадық жейміз, екінші жағынан шын мәнінде оның біреуі де жұмыс істемейді. Есесіне бастауыш мектепте оқитын кішкентай балаға үлкен салмақ. Алдымен біз шешіп алып, сосын барып жасамаймыз ба? Қағаздарды жөнге келтіріп, электронды құжаттарды дұрыстап, сосын барып қана жаңа стандартқа көшпейміз бе?» - деді Сағынтаев білім министріне.
Министр Сағадиев алдағы 5-6 жылда олқылықтар түзеліп, оқулықтардың бәрі 100 пайыз электронды форматқа көшетінін айтты.
«Бақытжан Әбдірұлы, қағаз оқулықтарды 50-60 жыл бойы балалар тасып жүр. Біз де оны тасып жүргенбіз. Алғаш рет оқулықтардың қандай қағаздан бастылатынын, форматы, үлкендігі қандай деген секілді стандарттарды енгізіп отырмыз. Ол тек қана биыл шығатын оқулықтарға енгізілген. Енді 5-6 жылдың ішінде бар оқулықтарға енгізіледі. Бүгінде электронды оқулықтардың үлесі 70 пайыз, бәрі жұмыс істеп жатыр. Енді жаңартылған форматқа көшетін сыныптарға міндетті түрде электронды оқулықтар шығаратын боламыз», - деп сөзін түйіндеді Сағадиев.


09 қазан 2018 г. 1 596 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031