» » Мектепте ақша жинау фактілерінде директор жазаға тартылады

Мектепте ақша жинау фактілерінде директор жазаға тартылады

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Жазира Жылқышиева елордада жазаланған мектеп директорлары туралы айтты, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біздің мемлекет процестерді толық цифрландыру жолында. Бұл шаралар әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал етеді. Дегенмен, бүгінгі күні барлық рәсімдер цифрланбаған. Нәтижесінде, лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіліктерін асыра пайдаланатын сәттері кездеседі. Шамадан тыс құжаттар мен регламенттелмеген ақпарат талап етіледі. Оқу жылының қарсаңында біз Халыққа қызмет көрсету орталығының ұсынатын қызметіне талдау жүргіздік. Мектептердің қажетсіз құжаттарды талап етуінің салдарынан ХҚКО-да кезекте тұрған ата-аналардың саны жетіп артылды. Тиісті ақпарат Білім басқармасына жіберілді. 5 мектеп директорына қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. 10 директорға қатаң ескерту жасалды», - деді Жылқышиева Астанада өткен брифингте.

Бұдан бөлек, жатақханаларға заңсыз орналастыру фактілер анықталып, заңсыз тұрып жатқандар жатақханадағы орындарын босатты.

«Бұл фактілер білім беру мекемелерінің әкімшіліктері белгілі бір заңнамаларды сақтамайтындығын көрсетеді. Мемлекет бүгінде білім беру мекемелері үшін жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Қаражат барлық қажеттіліктерге бөлінеді. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңда білім беру мекемелерінің бюджет қаражатын интернет-ресурстарда және басқа да қолжетімді сайттарда жариялау қажеттілігі жөнінде міндеттемелері нақты анықтайды. Ашықтық пен есепберушілік - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негіздерінің бірі. Азаматтар бюджет қаражатының қайда жұмсалатыны туралы білуі қажет. Білім беру мекемелерінің онлайн-ресурстарын талдай отырып, аталған талаптардың сақталмайтыны туралы қорытынды жасадық», - деді департамент басшысы.

Оның атап өтуінше, барлық ұйымдастырушылық және шаруашылық процестер бірінші басшының үнемі қадағалауында болу керек. Осы уақытқа дейін белгілі бір процедураларды бұзғаны үшін орындаушылар немесе орынбасарлары ғана жауапкершілікке тартылу тәжірибесі болды. Бұл тәжірибені жою қажет.

«27 тамызда Агенттік төрағасы, елорда әкімі және Білім және ғылым министрінің кездесуінде білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары жеке жауапкершілік пилоттық құжатына қол қойды. Енді ақша жинау, заңды бұзу, қызметтің ашықтығын сақтамау фактілері анықталған жағдайда, директорларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Бірінші басшылар кең өкілеттіктермен ғана емес, сондай-ақ жоғары жауапкершілікпен ерекшеленуі керек», - деді Жазира Жылқышиева.

 

09 қазан 2018 г. 1 335 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 228 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031