» » Қарағанды облысы тұрғындарында электронды үй кітабы пайда болады

Қарағанды облысы тұрғындарында электронды үй кітабы пайда болады

 Үй иелерінде электронды үй кітаптары пайда болады. Оған бүгінде ел бойынша барлық үйлер мен пәтерлерге беріліп жетқан арнайы тіркеу коды арқылы қол жеткізуге болады, деп хабарлайды "Edunews.kz" ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Тұрғын алаңына электронды төлқұжаттарды енгізуді биылдан бастау жоспарлануда. Ол үшін әр тұрғыннан пәтері немесе үйінің мекенжай бойынша тіркеу кодының (МТК) бар-жоғын білуі үшін жеке куәлігімен ХҚКО келуін сұрайды.


«Мекенжай бойынша тіркеу коды – ол пәтер үшін адамның ЖСН тәрізді. Осы код бойынша онлайн түрде тұрғын алаңының мінездемесін анықтауға және онда қанша адам тіркелгенін білуге болады. Сату кезінде МТК өзгермейді, ол пәтерге мәңгілікке беріледі», - деп түсіндірді Қарағанды облысы ІІД миграциялық полиция басқармасының инспекторы Рустем Аденов.


Пәтердің МТК тексеру үшін ХҚКО пәтер иесімен қоса сол үйде тіркелген кәмелет жасына толған барлық тұрғындар келуі тиіс. Осылайша, электронды үй кітабында аталмыш тұрғын алаңында қанша адам тіркелгендегі көрсетіледі. Бұл коммуналдық қызметтер үшін артық төлемдерді болдырмауға және басқа да көптеген бюрократиялық мәселелерді шешуге көмектеседі.


Атап өткен жөн, жаңашылдыққа қарамастан пәтерге және үйге мемлекеттік тіркеу мен тіркеуден шығару сол күйі қалады. Сондай-ақ электронды үй кітабы сату-сатып алуға еш кедергі келтірмейді.


Қарағандылықтар мекенжай бойынша тіркеу коды жайлы қосымша ақпараттарды Қарағанды облысы ІІД миграциялық полиция басқармасынан 40-71-09 нөмірі бойынша біле алады.

10 қазан 2018 г. 1 560 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 263 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 623 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031