» » Бөрліде коворкинг орталығы ашылды

Бөрліде коворкинг орталығы ашылды

Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауданында ашылған "Коворкинг" орталығы бес алаңнан тұрады. Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына келді. Бұл туралы "Edunews.kz" AA Zakon.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауданға қарасты Бөрлі ауылына ат басын бұрған Ғабидолла Абдоллаұлы ауылдық модельді кітапханасынан коворкинг орталығының ашылуына қатысты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасына сай және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Ауылдық кітапханаларды мәдени, ағарту және ойын сауық орталықтарына модернизациялау туралы" ережесіне сай ашылған коворкинг орталығы бес алаңнан тұрады. Олар смарт қызметтер, еркін аймақ, "Рухани жаңғыру" алаңы, интеллектуалды-шығармашылық кеңістік және "Еркетай" балаларға арналған аймақ. Аталған орталық аудан қаражатына жасақталып, оған 12 млн. теңге қаражат жұмсалды.Жаңа форматтағы коворкинг орталылығының лентасын Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Шолпан Уразаева мен Бөрлі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Нина Бязина қиды. Ғ. Оспанқұлов ауыл халқын коворкинг орталығының ашылуымен құттықтап, маңыздылығына тоқталды.

Содан кейін облыс әкімінің орынбасары Ақсай қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмыс барысымен танысты. Алдымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында №5 мектеп жанынандағы интернат ауласында ашылған спорт алаңын қараған Ғабидолла Абдоллаұлы, Ақсай техникалық колледжінің жұмысын да назарға алды. Күрделі жөндеуді қажет ететін №4 ЖББОМ ғимаратына барып, білім беру ошағының жай күйімен де танысты.

Артынша аудандағы әлеуметтік сала қызметкерлерімен, қоғамдық кеңес және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда аудандық спорт, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, сонымен қатар ішкі саясат бөлімінің басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады.

11 қазан 2018 г. 1 469 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 802 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930