» » Жамбыл облысында ауыл мектептері сандық жүйеге көшіріле бастады

Жамбыл облысында ауыл мектептері сандық жүйеге көшіріле бастады

 Жуалы ауданында жаңа оқу жылында алғашқы IT сынып ашылып, қазір онда оқушылар еуропалық білім беру стандарты бойынша оқып жатыр, деп хабарлайды 24.kz тілшілері. Бұл жеткіншектердің сандық ресурстарды тез игеріп, физикалық, механикалық технологияларды тереңірек меңгеруіне жол ашады.
IT сынып №15 мектеп-лицейінің базасында ашылды. Мұнда 600-ге жуық бала білім алып жатыр. Қазір 6-дан жоғары сыныптардың оқушылары алгоритм құрып, бағдарламалау, веб-сайттар ашу және 3D үлгілеу дағдыларын меңгеруді бастады.
Арнат Әмірбек, 10-сынып оқушысы:
- EV3 бағдарламасы арқылы қолайлы робот жасап және оларға арнайы бағдарламалар жаза аламыз. Мысалға мен қоқыс таситын робот істегім келім жатыр. Адамдар қиналмай-ақ робот өзі қоқысты алып, өзі салатын болады.
Оқушылар аптасына үш уақыт «ЕДУ КРАФТ» зертханасына жиналады. Бұл жерде онлайн режимде 10 бала бір мезгілде оқыту курстарына қатыса алады. Бұл орталықтар шәкірттерге барлық пәнді біріктіріп, теориялық білімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
Сүйінжан Қабылбеков, №15 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: - Бұл мақсатта «STEM» академиясының оқу бағдарламасы таңдалып отыр. Қазіргі таңда 2 ұстаз арнайы«STEM» академиясының бағдарламасы бойынша білімдерін оқып, жетілдіріп келді. Бұл жерде үш бағытта: модельдеу, робототехника, бағдарламалау бойынша жұмыстарын атқаруда.
Сүйінжан Қабылбеков, №15 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
- Бұл мақсатта «STEM» академиясының оқу бағдарламасы таңдалып отыр. Қазіргі таңда 2 ұстаз арнайы«STEM» академиясының бағдарламасы бойынша білімдерін оқып, жетілдіріп келді. Бұл жерде үш бағытта: модельдеу, робототехника, бағдарламалау бойынша жұмыстарын атқаруда.
Сонымен қатар ауданда алғаш рет кітапхана жанынан коворкинг орталығы ашылды. Тың бастама халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Тіпті жұртты кітапханаға көптеп тарту үшін кейбір құжаттар осы орталықтардан берілмек. Сондай-ақ мұнда ауыл тұрғындары мен жастар түрлі шаралар өткізіп, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.
Бақыткүл Қанаева, Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры:
- Кітапхананың ішінде орналасқан үкіметтік порталдан ала алады. Оның ішінде атап айтатын болсақ, мекенжайы туралы анықтамалар, некеге тұру туралы өтініштер, сондай-ақ балалардың жәрдемақысы, декларация және азаматтардың сотталған-сотталмағандығын анықтамаларды біздің осы кітапханалардан ала алады.
Мұндай орталықтарды әзірге 5 ауылдық округтен ашу жоспарда. Егер нәтижелі болса, мамандар санын көбейтеміз деп отыр. 
Айта кеткен жөн, «Цифрландырылған ақпараттық» орталықта бүгінгі күнге дейін жергілікті ақын-жазушылардың 500-ге тарта шығармалары электрондық форматқа көшірілген. 
27 қыркүйек 2018 г. 1 842 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031