» » Жамбыл облысында тәрбиеші өзіне қол салды

Жамбыл облысында тәрбиеші өзіне қол салды

 Әйгерім Молдатаева ауладағы қораның ішінде 3 мамырда асылып қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұрын тұрмысқа шығып, ажырасқан Әйгерімнің бір баласы бар. Ол өзінен екі жас кіші жігітпен көңіл қосып, ғашықтардың құпиясы Әйгерім қаза болғаннан кейін жария болған. Әрі сол азамат оның өліміне себепкер дейді марқұмның жақындары. Олардың айтуынша, 27 жастағы жігіт оны қарызға белшеден батырып, ақыры берешекті өтей алмаған келіншек өмірімен қош айтысқан.

 Жеңіскүл Молдатаева, марқұмның анасы:

 -Бұл жерден  200 мың алыпты. Ақшалай алған. Тауармен алғаны 300 мың. Тауар деп рәсімдеген, бірақ ақшалай алған. Ең соңғысы Каспиден млн. алған ғой. Сонда кредиттердің бәрін қалай бере берген түсінбеймін. Оның арасында құрбыларынан алған.

 Әйгерім қаза болған соң жігіті әкесімен бірге оның туыстарына көңіл айтуға келген. Сол кезде 27 жастағы азамат сүйіктісіне әр жерден қыруар қаржы алдырғанын мойындаған дейді марқұмның тустары. Ал оның әкесі барлық берешекті өтеп беруге уәде етіпті.

 -Алайда кейін бұл сөз құрғақ уәде ретінде қалып, екінші тарап айтқанынан айныған. Бет-жүзін көрсеткісі келмеген баласы да, әкесі де берешекті өтуеге қарсымыз дейді. Айтуларынша, банктен 27 жастағы азамат алдырды деген 2 жарым млн. теңгені толық өтеп берген.  Басқасына қатысымыз жоқ дейді. 

 Қара жамылған отбасы қыздың өліміне болмай қалған күйеу бала айыпты  және ол 5 млн.ға жуық қаржыны өтесін деген сарында үстінен арыз түсірген. Алайда қылмыс құрамының жоқтығына  байланысты іс жабылып тынды. 

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы: 

 -Қазіргі таңда осы дерек бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, ҚР ҚК 35-бабы, 1 бөлігі, 2 тармағымен қылмыстық іс өндірістен толық тоқтатылды. 

Күндерін әзер көріп отқан отбасы мұнымен шектеліп қалмақ емес. Олар арызды қайта қарату үшін, прокуратураға шағым түсіргелі жатыр.

20 қыркүйек 2018 г. 3 575 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031