» » Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балаларға арналған футбол мектебі ашылады

Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балаларға арналған футбол мектебі ашылады

Футбол мектебі 10 жастан жоғары 70 баланы қабылдай алады. Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балалар үшін футбол мектебін құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы "Edunews.kz" AA Bnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісім алты ведомство арасында жасалды: Қарағанды облыстық білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, "Шахтер" ФК, "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалы, Білім министрлігінің дене шынықтыру ғылыми-саяси орталығы және Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаменті, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бұл өте маңызды әлеуметтік жоба, бізге сал ауруына шалдыққан балаларды қолдау қажет. Өкінішке орай, бізде осындай диагнозы бар адамдар көп. Футбол мектебінде сонымен қатар шалғайдағы ауылдардан келген балалар да спортпен шұғылдана алады. Олар Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі базасында құрылатын интернатта тұра алады. Қазіргі таңда онда футбол алаңын салу бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетті", - деді Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев. 

Футбол мектебі сал ауруына шалдыққан 10 жастан жоғары 70 баланы қабылдай алады. Ерекше балаларға арналған ойын шарттары да өзгеше болады: командалар 7 адамнан құралады, матч 20 минуттық екі таймға бөлінеді. 

Ерекше балаларға арналған спорт мектебін құру жобасын УЕФА да қолдады. Аталмыш федерацияның мамандары Қарағандыға келіп, "Шахтер" ФК ұсынатын жаттықтырушыларды мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу шеберлігіне үйретуді жоспарлап отыр.
Келесі жылы Қарағандының футболшылары сал ауруына шалдыққан балалар арасындағы футбол бойынша Әлем чемпионатына қатысады деген жоспар бар.
Бүгінгі таңда осындай мектеп Алматы қаласында жұмыс істейді. Оны осы жылдың мамыр айында ашқан. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан футбол Федерациясы сал ауруына шалдыққан балалар арасындағы Халықаралық футбол Федерациясына еніп, бірінші чемпионатын өткізген болатын. Қазанның 1-і мен 5-і аралығында өткен биылғы жылғы чемпионатқа Алматы спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

15 қазан 2018 г. 1 671 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 544 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930