» » Ақмола облысында студенттерге арналған 11 жатақхана салынады

Ақмола облысында студенттерге арналған 11 жатақхана салынады

 Алдағы жылдары Ақмола облысында студенттерге арналған 11 жатақхана салынады, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.

 Бұл туралы бүгін облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының бірінде Жолдауды жастарға түсіндіру барысында аймақ басшысы Мәлік Мырзалин мәлімдеді. Ал республикалық түсіндіру тобын бастап келген Әділет министрі Марат Бекетаев студенттерге үндеудің әрбір тармағын жеке-жеке баяндап берді.

Жолдауды түсіндіру тобы алдымен университеттің 100-ден астам студентімен кездесті. Жастарды жаңа өзгерістер толғандырмай қоймайды. Ең төменгі жалақы көлемінің өсуі, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар және ең бастысы білім беру ісіндегі Елбасы бастамалары студенттерді елең еткізері сөзсіз.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

 – Қазір жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман даярлау, сабақ беру үдерісіне талап күшейтіліп жатыр. Сондықтан қазір университеттер мен колледжерді ірілендіру жүргізілуде. Одан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандық оқу орындарына шетелдік үздік топ-менеджерлерді тарту жоспарланып отыр.  

Жастар үшін Жолдауда айтылған тағы бір жағымды жаңалық, 2019 жылды Елбасы «жастар жылы» деп жариялады. Бұл әрине, әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатып, ертеңге деген үмітін еселей түседі. Жалпы қазір Ақмола облысында 149 мыңнан астам жас бар. Ал олардың 31 мыңы – студенттер.

Әсем Төребаева, студент:

 – Жастар жылында ең бастысы, жұмысқа тұру, жаңа технологиялармен танысу, жақсы жұмыстарға орналасып, жастар баспаналармен қамтамасыз етілсе керемет болар еді. 

Жолдауды түсіндіру тобы сапар барысында Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру зауытында да болып, Президенттің агроөнеркәсіп кешеніне қатысты айтқан міндеттемелерін түсіндіріп, жаңа техника түрлерімен танысты.

16 қазан 2018 г. 894 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 555 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930