» » Алматыда жатақханалар саны артады

Алматыда жатақханалар саны артады

 Алматыда жастарға арналған жатақханалар салына бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 Қала билігі жастар мен студенттерге арналған жатақханаларды тұрғызу бойынша ауқымды шараны іске қосуды жоспарлап отыр. «Қалада 70 мыңнан астам студент, 30 мың жас отбасы бар. Әлеуметтік түйіткілдерді, соның ішінде баспана мәселесін шешу үшін жастарды бағасы жағынан қолжетімді арендалық баспанамен қамтамасыз ету бойынша жаңа ауқымды шараны бастаймыз. Мысалға, 4 адамға арналған жатақхана бөлмесі айына 25 мыңнан 50 мыңға дейін болады», - деді Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов әлеуметтік баспана құрылысының жобасын таныстыру барысында. Жоба авторлары әлеуметтік уақытша баспана «Жас отау» бағдарламасы және «2017-2020 жылдарға арналған Жастарды қолдау жол картасы» аясында тұрғызылатынын атап өтті. Жатақханалар тек қана студенттерге, жастар мен 35 жастан аспаған отбасыларға арналған. Бағдарлама шартына сәйкес, серіктес ретінде ЖОО-лар, иеліктерінде бос жер учаскесі және қажетті қаражаттың бір бөлігі бар құрылыс және коммуналдық мекемелер шыға алады. Құрылысты қаржыландырудың бір бөлігін «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өз мойнына алады. 


28 тамыз 2017 г. 1 409 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 240 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 616 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031