» » ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева Елбасы Жолдауын талқылау мақсатында жиын өткізді, – деп хабарлайды "Edunews.kz" AA “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап.

Басқосуға облыстық білім басқармасының басшысы, басшы орынбасары, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім мекемелерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттердің облыста орындалу барысы, сонымен қатар, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жайы талқыланды.

Сондай-ақ, ҚР Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева және облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова облыстық балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінің жұмысымен танысып, ондағы тәрбиеленушілермен сұхбаттасты.

Бүгінде балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінде 23 бала тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілер мектепте түрлі үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын пайдалы өткізуде.

Кездесу соңында Сәуле Айтпаева арнаулы мектептің барлық талаптарға сай екендігін айтып, мектеп жұмысына оң бағасын берді.

17 қазан 2018 г. 1 946 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 771 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031