» » Даңқты тракторшы К.Дөненбаеваға арналған кітаптың тұсауы кесілді

Даңқты тракторшы К.Дөненбаеваға арналған кітаптың тұсауы кесілді

 Даңқты механизатор, Социалистік Еңбек ері Кәмшат Дөненбаеваның дүние салғанына бір жылдың жүзі болды, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Осыған орай Қостанайда қазақтың қайсар қызының құрметіне арналған кітаптың тұсауы кесілді. Онда Кәмшат апамыздың жеке мұрағаты, туыстары мен замандастарының материалдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. 20 ғасырдың екінші жартысында күллі Кеңес одағына механизатор болып танылған ардагер бірнеше істің басын бір арнаға тоғыстыра білді. Оның алып техниканы ұршықша иірген кәсіби шеберлігі барлық қазақ қыздарына үлгі болды. Енді келер жылы Қостанайда Кәмшат Дөненбаева атындағы саябақ ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта атақты механизатордың бюсті жасалып жатыр.

29 қазан 2018 г. 4 960 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 655 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031