» » Республикалық «Boitumar-2018» лингвистикалық олимпиадасында павлодарлық оқушылар жүлделі болды

Республикалық «Boitumar-2018» лингвистикалық олимпиадасында павлодарлық оқушылар жүлделі болды

«Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығының негізінде ағымдағы жылдың 10 қазан күні 8-9 сынып оқушыларына арналған І Республикалық «Boitumar-2018» лингвистикалық олимпиадасы өткізілді. Бұл туралы "Edunews.kz" АА хабарлайды.

Олимпиада орта буын оқушыларының айтылым және жазылым дағдысын жетілдіру арқылы сын тұрғысынан ойлау мен зияткерлік кабілетін дамытуға бағытталған. Іс-шараға жалпы білім беру мекемелерінің, гимназия, лицейлердің 8-9 сынып оқушылары қатысты. 

Олимпиада қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.

Павлодар облысынан 6 оқушы қатысып, төртеуі жүлделі орынға ие болды. Атап айтар болсақ, І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушылары: Ермаченкова Софья (ағылшын тілі), Дандыбаева Данель (орыс тілі) және Шамшиденова Жибек (қазақ тілі) марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломға облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Митрошина Алина (орыс тілі) ие болды.

11 қазан 2018 г. 1 896 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 586 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930