» » Жолдау жүктеген міндет. Қызылордада ұстаз мәртебесі талқыланды

Жолдау жүктеген міндет. Қызылордада ұстаз мәртебесі талқыланды

 Қызылордада Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын насихаттауға бағытталған «Ұстаз мәртебесі - Ұлт болашағы» атты облыстық конференция болып өтті.
Оны облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Конференцияға жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының директорлары мен ұстаздары, студенттер, мектеп мұғалімдері мен балабақша меңгерушілері, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ, БАҚ, жастар өкілдері қатысты.
Конференция модераторы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу - тәрбие ісі жөніндегі проректоры,  профессор Бақытжан Әбдікәрімов тұрмыс сапасын арттыру мәселесіне кеңінен тоқталды.
Конференция барысында Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Бақтыбайқызы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ университетінің педагогика-психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шарбан Майгелдиева, Қызылорда облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы Ақманат Серікқызы Басанова және өзге де спикерлер тақырыпқа байланысты ой-пікірлерін білдірді.
Іс-шарада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов Жолдауда айтылған негізгі мәселелер жайында сөз етті. Сондай-ақ, ол реформалар мен Елбасының үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын айтып өтті.
 «Жолдаудағы міндеттердің орындалуы Қазақстанның әлемдегі технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне ықпал етеді. Педагог кәсібінің мәртебесі мен имиджін арттыра білсек, сонда ғана қойылған міндеттер мен тапсырмаларды орындауға қабілетті боламыз», - деді Талғат Толыбайұлы.


31 қазан 2018 г. 4 895 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 653 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031