» » Семейлік оқушы Ресейден жүлдемен оралды

Семейлік оқушы Ресейден жүлдемен оралды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында химия пәнінен 53-ші халықаралық Менделеев олимпиадасынан семейлік оқушы жүлдемен оралды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат ақпараттық агенттігі.
    Олимпиадаға әлемнің 30 елінен жас химиктер командалары келіп, өз елдерінің  намысын қорғады. Қазақстан намысын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарында бірнеше рет дайындықтан өткен 8 оқушы қорғады. Солардың бірі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Рүстем Шердебаев. Жарыста ол жақсы нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. «Ресейдегі білім бәйгесі мен үшін үлкен тәжірибе болды. Олимпиада екі кезеңге бөлінген, әрқайсы 5 сағаттан тұрды. Біз бұл олимпиадада теориялық және тәжірибелік күрделі жаттығуларды орындадық. Жүлдегерлер қатарынан көрініп, еліміздің атын шығаруға қосқан азды-көпті үлес үшін мақтанамын. Химия пәнін терең түсінуге өз білгендерін аямай жанын салып жүрген ұстаздарыма үлкен алғысымды айтамын»  -дейді Рүстем. Жалпы Рүстем бұған дейін Ақтөбе қаласында өткен республикалық олимпиадаға қатысып, 2 -орын алған. Бұдан бөлек өткен жылы А.Бектұров атындағы ІV Халықаралық химия олимпиадасында  ІІІ орынға ие болған. Ал 2013 жылы  «Тарих» пәнінен URFODU ғылым негіздері бойынша IX Халықаралық олимпиадада  II дәрежелі дипломмен марапатталған.  


Автор: Бағым Ғалымбекқызы

Дереккөз: ҚазАқпарат


30 сәуір 2019 г. 1 378 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 490 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930