» » Таразда мектептерде анонимді сауалнама жүргізілді

Таразда мектептерде анонимді сауалнама жүргізілді

Таразда «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офис қызметкерлері білім саласында жемқорлықтың деңгейін анықтау бойынша қаладағы 21 мектептің 699 қызметкері мен 315 ата-ана арасында анонимді сауалнама өткізді. Бұл туралы "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Алғашқы барған Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия, Шона Смаханұлы атындағы №44 мектеп, Төле би атындағы №8 гимназияларда мектептегі ақша жинау фактілері анықталып, ата-аналар тарапынан да біршама былықтардың беттері көрсетілді. Мысалы: тексеріс кезінде, жөндеу жұмыстарына және басшылардың туған күніне ақша жинау, мәдени іс-шараларға билет сатып алу, газет-журналдарға мәжбүрлеп жазылу, санат алу кезінде ақша жинау және 6 қызметкер ақша беріп жұмысқа кіргенін көрсетті.
Ата-аналар өз кезегінде мектепте жөндеу жұмыстарына, кеңсе тауарларына, шаруашылық заттарына ақша және 1-3 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар беретінін, 4-9-11 сыныптарға алтынға ақша жинауды, қамқорлық кеңесінің керек емес екені, білім басқармаларының ақшаны дұрыс игеріп, ата-аналардың қалталарына мұғалімдер арқылы түспеуі туралы ұсыныстарын көрсетті. 

Дереккөз: Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
03 мамыр 2019 г. 2 042 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031