Білім нысандары 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайын ба?
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары М.С.Шәкіров білім беру мекемелерінің 85% дайын екенін айтты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мамат Сәдуұлының ақпаратынша, жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 18-шы мамырынан 12-ші қазанына дейін 6 штаб отырысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 3 штаб отырысы өткізілді, оның ішінде: Тараз қаласында ағымдағы жылы 25 сәуірде және 22 мамырда екі штаб отырысы, Жаңатас қаласында а.ж. 15 маусымда (Сарысу, Талас аудандары бойынша). Кезекті штаб жұмысының отырысы Шу және Мойынқұм аудандарының дайындығы туралы Шу қаласында өтеді.
Нысандардың дайындығы бойынша:
– 795 білім нысандарының 674 дайын яғни 85%-ды құрайды (жоспар бойынша 1 тамызға дейін 80% болу);
– 409 денсаулық сақтау бойынша дайыны – 353 немесе 86%;
– 553 спорт, әлеуметтік-мәдени нысандардың 460 дайын немесе 83%.
– 1608 көпқабатты тұрғын үйлердің, жөндеуге жоспарланған 1475 оның ішінде дайыны1122, немесе76%-ды құрайды.
Сонымен қатар, бюджеттік мекемелері мен кәсіпорындар тараптарынан жылыту маусымына келесі нысандары дайындалуда:
– 463 қазандықтарының дайындығы 80%-ды құрап отыр (370 дана);
– 333,0 шақырым жылу желілерінің 321 шақырымы дайын - 97%;
– облыс бойынша13709 шақырым 0,4 – 110кВ электр желілері орнатылған, оның ішінде ағымдағы жылы1702 шм жөндеуге жоспарланған, орындалғаны 1263 шм немесе 74%құрайды;
– барлығы 4548 шақырым газ құбырларының 96,3 шм биылғы жылға жөндеу жұмыстары жоспарланған, орындалғаны 15,7 шм немесе 16%;
– жөндеуге жоспарланған 20,0(барлығы 942,7)шақырым су желілерінің дайындалғаны 12 шм, яғни 60%құрайды;
– кәріз желілерінің дайындығы 56%-ды құрап отыр (жоспар – 6,45 шм, жөнделгені - 3,61 шм).
Біздің басқарма арқылы ағымдағы жылы нысандарды жылыту маусымына дайындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 2017 жылы 33 жобаны іске асыруға 5 174 млн. теңге жоспарланған.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарына 5 млрд. 289 млн. теңге қаралған:
– білім беру нысандарына – 3 млрд. 815 млн.теңге;
– денсаулық сақтау нысандарына – 1 млрд. 171 млн.теңге;
– спорт, әлеуметтік - мәдени нысандарын жөндеуге – 303,3. млн.теңге.
Жергілікті әкімдіктер мен денсаулық сақтау, білім басқармаларының бюджеттік мекемелерге жоспарлап отырған қатты отын көлемі – 69,9 мың тонна, жеткізілгені 19,3 мың тонна, немесе 28%.тОблыс тұрғындарына қажетті көмірдің көлемі 331,9 мың тонна, жеткізілгені 30 тонна, немесе 9,2%.
Тапсырыс беруші бюджеттік мекемелер мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы ұйымдастырып, 1-ші қыркүйекке дейін қажетті отынды қоймаларға жеткізуі тиіс.
Сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйлерге жапсарласып немесе жертөледе, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан 76 үйде автономды жылыту қазандары бар екендігін анықталды, – деп мәлімдеді Мамат Сәдуұлы.