» » Дені сау адамның санасы сау ғана емес, ойы да өткір болады

Дені сау адамның санасы сау ғана емес, ойы да өткір болады

Еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде волейболдан желілік спартакиаданың облыстық кезеңі өтті. Астана, Атырау, Қызылорда және Өскемен қалаларында стартқа Зияткерлік мектептердің үздік командалары шықты. 500-ден астам жас волейболшылар біріншілік үшін бақ сынады.

Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ облыстық кезеңнің барлық қатысушылары жанкүйерлерге қызықты әрі тартысты ойын сыйлағанын атап өтті:

– Олимпиада спорттық шеберліктеріңізді шыңдап, NIS бауырластығын сезінетін алаңға айналғанына сенімдімін. Барлық команда жақсы физикалық дайындық пен жеңіске деген құлшынысын көрсетті.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің волейболшылары Өскеменде өз құрамаларын таныстырды.

Оқушылар ойын барысында қарсыластары мен жанкүйерлеріне барлығының жеңіске деген ынтасын, әр ұпай үшін күресуге дайын екенін көрсетті. Жас спортшылардың волейболға деген байсалдылығы бірінші ойында-ақ байқалды. Басты міндет допты қабылдауда қателеспеу болды.

Талдықорған командасының қарсыластары Алматы және Семей қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары болды.

Команда барлық кездесулерде жақсы нәтиже көрсетіп, финалға лайықты шықты. Жарыс қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұлдар командасы 3-ші орынды жеңіп алды. Қыздар арасында 10-сынып оқушысы Іңкәр Құрманбаева «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.

– Спортпен шұғылдану дене шынықтырумен қатар, мидың жұмысына да әсер етеді. Мен үшін Зияткерлік мектептің оқушысы ретінде физикалық және психикалық денсаулықты сақтау маңызды. Жалпы, сайыстар алға қойған мақсат-міндеттерімізді орындауға, жоспарларымызды ойдағыдай жүзеге асыруға, қиындықтарды жеңуге септігін тигізеді, – деп өз пікірімен 10-сынып оқушысы Едіге Болатбекұлы бөлісті. 


Дереккөз:Пресс-служба NIS Талдыкорган
08 қараша 2022 г. 16 090 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 926 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031