» » ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАРЛАР АНЫҚТАЛДЫ

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАРЛАР АНЫҚТАЛДЫ


   Тараздағы Зияткерлік мектепте волейболдан ІІ-аймақтық спартакиада мәресіне жетті. Жүзден жүйріктер анықталып, марапаттар өз иелерін тапты.

Дәстүрлі додаға Өскемен, Павлодар, Талдықорған, Қостанай, Семей, Петропавл және Тараз қалаларындағы Зияткерлік мектептерден 100-ден  астам  оқушы қатысып өзара сынға түсті. 

     Тартысты ойыннан бөлек спартакиаданың әр күні мәдени-көпшілік іс-шараларға да толы болды. Олардың арасында «Танысу шеңбері» тренингі, «Караоке-батл», «Би-батл», «IQ Game» квест ойыны, «Шеңберде кітап оқу», «Рухани Қазына» шеберлік сыныптары бар.

Сондай-ақ, шара аясында зияткер спортшылардың Тараздағы күндерінің арнайы бағдарламасы әзірленді. Қонақтардың жарыстан тыс уақыттарда шаһар тарихымен танысып, көрікті жерлеріне серуендеуіне де жағдай жасалды.

 Үш күндік сайыс соңында бабы мен бағы қатар шапқандар анықталды. Олар ұлдар арасында I орынды иеленген Павлодар қаласының құрамасы, II орынды иеленген Петропавлдық волейболшылар және III орыннан көрінген Семей қаласының Зияткерлік мектебі. 

– Жеңісті қолдан бермеуге тырыстық. Қарсыластарымыз да осал болған жоқ. Жалпы үш күнде де ойын тартысты өтті. 

Ендігі бар күшімізді финалдағы кездесуге саламыз, – деді Павлодар қаласының ұлдар құрамасы. 

Сонымен қатар, қыздар арасында I орынды Тараздағы Назарбаев Зитякерлік мектебі иеленсе, II орынды Петропавлдық Зияткерлік мектеп командасы жеңіп алды. Ал, III жүлделі орын Павлодар қаласының құрама командасына бұйырды.

Айта кету керек, волейболдан аймақтық спартакиада Таразбен қатар Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы Зияткерлік мектептерде өтті. Оған еліміздің аймақтарындағы басқа да Назарбаев Зияткерлік мектептерінің волейбол командалары қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша I және II орындарды иеленген үздік командалар 2019 жылы 23-25 желтоқсан күндері Алматыда өтетін спартакиаданың суперфиналында кездеседі.


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
30 қазан 2019 г. 2 012 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 929 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031