Әскери институттың жеке құрамы Президент сайлауына қатысуда
– Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқығымды пайдалана отырып, алғаш рет ел Президентін сайлауға қатыстым. Өз дауысымды бере отырып, елімнің өркендеуі мен болашағының жарқын болуына үлесімді қостым деп ойлаймын, - деп атап өтті 1 курс курсанты Димаш Сұлтаналиев.
Оқытушылар құрамы мен олардың отбасы мүшелері тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлауға қатысады.
– Сайлау бекітілген заңнамаға сәйкес өтіп жатыр. Институттың жеке құрамы белсенділік танытып жатыр, - деп атап өтті әскери институт бастығы полковник Кайрат Даутов.
Жалпы еліміз бойынша барлық сайлау учаскелерінде 130 мыңнан астам әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері және курсанттар дауыс бермек.
Автор:
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
баспасөз хатшысы Жанар Амиржановна