» » Неғып мені военкоматқа шақырады?

Неғып мені военкоматқа шақырады?

 Елімізде жыл сайын 16 жастан асып 17 жасқа келетін ер азаматтарды әскери есепке қою науқаны болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында жазылғандай:

1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.

Яғни Конституциямыздын осы бабына сайкес Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңы қабылданған. Осы заңға сәйкес болашақ шақырушылардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, олардың жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және физикалық дайындық деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.Әскерге дейінгі жастағы ер азамат белгілі бір рәсімнен өткеннен кейін оған тіркелу туралы куәлік беріледі.

Кім әскери есепке алынбайды?

Әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес әскери міндетті орындаудан босатылған тұлғалар.

Бас бостандығынан айырылу түрінде жазасын өтеп жүрген тұлғалар.

Тұрақты түрде Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратындар.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары.

Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады.

      Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бойынша беріледі.

Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша:

      1) отбасы жағдайлары бойынша;

      2) білім алуды жалғастыру үшін;

      3) денсаулық жағдайы бойынша;

      4) басқа да себептер бойынша беріледі.

      Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру қашықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы білім алатын азаматтарға берілмейді.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша дәрігер маман мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытындыны шығарады:

"А" – әскери қызметке жарамды;

"Б" – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамды;

"В" – әскери қызметке шектеулі жарамды;

"Г" – әскери қызметке уақытша жарамсыз;

"Д" – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;

  • "Е" – әскери есептен шығарылуымен әскери қызметке жарамсыз.

Егер әскери қызметке шақыру соғыс уақытында жүзеге асырылса, онда денсаулық жағдайы бойынша ғана әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар ғана босатылады

Тіркелуге тұру үшін үшін сізкелесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

1. Картоннан жасалған байланыстырғыш (файл мен конверт ішінде 1 дана).

2. Туу туралы куәліктің көшірмесі.

3. Жеке куәліктің көшірмесі..

4. Ата-анасының неке туралы куәлігінің көшірмесі (егер ажырасқан немесе қайтыс болған болса, онда тиісті куәлік).

5. Ата-анасының, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің жеке куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейін, туу туралы куәлік).

6. Отбасы құрамымен тіркеу туралы мекенжай анықтамасы (халыққа қызмет көрсету орталығында ұсынылады немесе eGov.kz порталы арқылы алуға болады).

7. Аттестат немесе табель бағаларымен 9-11 сыныптарға;

8. Мінездеме 2 дана (оқу немесе жұмыс орынынаң).

9. Оқу (жұмыс) орнынан анықтама

10. Халыққа қызмет көрсету орталығынаң соттылығы жоқтығы туралы анықтама (eGov.kz).

11. Халыққа қызмет көрсету орталығының анықтамалары тубурк., псих. нашақорлықтығы жоқ туралы (eGov.kz).

12. Ішкі істер департаментінің анықтамалық сипаттамалары (тіркеу орны бойынша).

13. Ақ-қара фотосурет, мөлшері 3х4 см.4 дана.

14. Өмірбаян (отбасы туралы барлық мәліметтер көрсетілуі керек, сол жақтан шегіну 3 см.).

15. Спорттық санаты немесе атағы болған кезде - біліктілік кітабы.

16. Сіз қосымша білім алу туралы құжаттарды ұсына аласыз (көлік жүргізу, компьютер, медициналық курстар және т.б.)

Медициналық құжаттар:

1. Кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорография).

2. Қан және зәр анализі.

3. Электрокардиограмма.

6. Балаларға берілген амбулаториялық карта. Емхана;

7. Учаскелік терапевттен алынған анықтама 5 жылға «D» тіркелімінде тіркелмеген.

8. Баланың денсаулық паспорты (форма - 063).

Тіркелу туралы куәлік

Тіркелу туралы куәлік (тіркеу куәлігі) сіз әскери қызметке шақырылғанға дейін немесе запасқа шығарылғаныңызға дейін әрекет етеді. Сізді әскери есептен алып, әскери билет бергеннен кейін тіркелу куәлігі алынады және жою мақсатында әскери комиссариатқа табысталады.

Тіркелу куәлігінде келесілер көрсетіледі:

  1. әскерге шақырылушының жеке деректері (әскерге шақырылушының тегі, аты, әкесінің аты, туылған күні мен айы);
  2. медициналық комиссиядан өту нәтижесі (әскери құызметке жарамды/жарамсыз).

Егер сізді тіркеу кезінде «әскери есептен шығарылуымен әскери қызметке жарамсыз» және «бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды» деп таныса, сізге сол туралы тиісті белгісі бар әскери билет беріледі.

Егер әскери есепке тұруға бармасам не болады?

Егер сіз әскери комиссариаттың шақыруы бойынша әскери есепке тұруға дәлелді себепсіз келмейтін болсаңыз, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жауапкершілік қарастырылған. Медициналық куәландырудан немесе азаматтарды әскери есепке қою жөніндегі комиссияның немесе әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша тексерілуден жалтарған жағдайда, ескерту берілуі немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі әскери есеп міндетін орындамағаны үшіназаматтарға жауапкершілік артады. Ол азаматтың әскери есепте тұрмағаны үшін және есепке тұру үшін әскери бөлімге келмегендігі үшін болып табылады. Осы сынды бұзушылықтарға айыппұл тағайындалады. Егер азамат әскерге шақыру жасына толып әскери міндеттен жалтаратын болса ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 

Ақпараттық дереккөздер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы.

ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңы.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы.

  • Мен әскерге шақырылушымын © 2017 «Алматы қаласын дамыту орталығы» AҚпарақшасы.

Заң ғылымдарының магистрі

Қуанышбаев Айбат Жұмабекұлы,

Талдықорған қаласындағы

физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

алғашқы әскери және технологиялық

дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы

18 желтоксан 2020 г. 31 269 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 807 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930