» » Тәуелсіз елім - Қазақстаным!

Тәуелсіз елім - Қазақстаным!

Мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.


Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті, жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың "Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

-Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! «Бәйтерек» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар ән ырғағымен залға кіреді. Әнұран айтылады.


Тәрбиеші сөзі:
-Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 

16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

КӨРІНІС 

Алаңға жастар ұрандап келе жатады:

-Алға, алға, Жастар алға!

-Біздің айтар талап-тілегіміз бар,ортаға басшылар шықсын!

-Каждому народу-своего вождя! Алға, Алға!

Сол кезде қала прокуроры келеді: Тоқтадыңдар! Алаңға шықпаңдар, үйлеріңе қайтыңдар. Ұят болады. Қайтыңдар. Егер тыңдамасаңдар, күш қолданамын. Үйлеріңе қайтыңдар.

Прокурор: Первая рота! Слушай мою команду!  Немедленно розогнать хулиганов!-деп жанындағы милиция кызметкерлеріне бұйрық береді.

Алаңдағы жастардың барлығы жерге құлайды. Сол кезде көмекке медбикелер келіп, көмектеседі. Жастар бір-бірлеп бастарын ұстап тұра бастайды. Жастар арасынан Қайрат Рысқұлбеков шығады:

Мирас: Қаймана қазақ қаны үшін

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесе дауысым жетпейді

Кез болдық мынау заманға.

Лязат: Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған.

Жастар барлығы тұрып ән айтады.


Ән: Тәуелсіздік ұраны.


Жүргізуші: 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Балалардың Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарын тыңдайық.

Сәкен: Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Аида: Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

Амирхан: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.


Тәрбиеші:Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.


Көрініс: Дарын тобы 

Тәрбиеші сөзі:
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
Махмут: «Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен

Ерай:Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Бектұрсын:

Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.

Тоғжан:

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Саян:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.


Тәрбиеші сөзі: біздің балаларымыз «Алатау» биін билеп берсін.

Би: Алатау
Ән:Елбасы

Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

 

Мустафинова Жазира Султановна

№150 бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

 Алматы қаласы 


 

25 қаңтар 2019 г. 11 884 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 570 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930