» » Ақмола облысының 115 білім нысанында қазандықтарды сыртқа шығару қажет

Ақмола облысының 115 білім нысанында қазандықтарды сыртқа шығару қажет

 Ақмола облысының 115 білім нысанында қазандықтар ғимараттың ішінде орналасқан. Осыған байланысты, оларды сыртқа шығару бойынша жұмыстар жүргізілмек. Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің төрағалымен өткен аппарат мəжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  
 Мəжілісте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне əлеуметтік нысандардың алдағы жылу беру маусымына дайындығы пысықталды. Облыстық энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы  В.Радченконың сөзінше, нысандардың 90 пайызы алдағы маусымға əзір. Жөндеу жұмыстарының көлемі толық игерілуде. 31 тамыздағы мəлімет бойынша, облыста 629 қазандық, 762 білім беру, 597 денсаулық сақтау нысаны жəне 2 мыңнан астам тұрғын үй секторы қысқа дайын. Оған қоса, 50 шақырым жылу желісі, 40 шақырым сумен жабдықтау жəне су ағызу нысаны жөнделген. Сонымен қатар, басқарма басшысы облыстағы 115 білім нысанында қазандықтарды сыртқа шығару қажеттігін атап өтті. «Білім ордаларындағы қазандықтарды сыртқа шығару бойынша 2020 жылға дейінгі жоспар жасалды. Ағымдағы жылы 11 білім беру ордасында блокты-модульдық қазандық салу бойынша мемлекеттік сараптаманы өткізуге жəне жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге қаржы бөлінді. Оған қоса, Аршалы ауданының Анар стансасында мектеп пен балабақшаға, Зеренді ауданындағы Дөңгілағаш негізі мектебіне жаңа қазандық салу үшін облыстық бюджеттен 55,1 миллион теңге қаржы бөлінді», - деді В.Радченко. Бұдан кейін Целиноград жəне Бурабай аудандары мен Степногорск қаласы әкімдері де баяндама жасап, жылу беру нысандарының қысқа дайындығын баяндады.


05 қыркүйек 2017 г. 1 561 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 201 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031