» » Астанада "Дешті-Қыпшақтың ортағасырлық тарихы" I халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді

Астанада "Дешті-Қыпшақтың ортағасырлық тарихы" I халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді

Қазақстандық саяхатшы Сапар Ысқақовтың жетекшілігімен басталған «Бабалар ізімен» атты экспедициясы аяқтап, 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал 14 қыркүйекте «Тілеп Қобыз Сарайында» 13 ел өкілінің қатысуымен «Дешті-Қыпшақтың ортағасырлық тарихы» I халықаралықғылыми-теориялық конференциясы өтеді.Бұл жайлы БҒМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы 2017 жылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Молдавия, Словения, Беларусь, Литва, Польша, Германия, Франция, Венгрия, Италия, Рим (Ватикан) елдері арқылы өтті. Экпедиция ұлттық мәдениетіміздің сақталуына үн қатысып, тарихымызды түгендеп, өркениетімізді танытуға ықпал етеді», - дейді СапарЫсқақов.

Конференцияда қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы, қыпшақтардың өзге халықтармен этно-мәдени байланысы, өзге елдердегі сәулеттік, мәдени-тарихи мұралар арқылы өткен тарихымызды танытатын тақырыптар қозғалады.

Кейінірек телеарналарда 30-40 сериядан тұратын бабаларымыздың басқан ізі мен болған жерлері туралы документалды фильмдер циклі көрсетіледі. Онда белгілі ғалымдардың сұхбаты беріледі.

Ғылыми экспедиция мүшелері:

- Ысқақов Сапар Ысқақұлы - экспедиция жетекшісі, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қоғамдық-қайырымдылық қордың Астана қаласы филиалының Президенті, Халықаралық туризм мен спорт Академиясының Академигі. Ол екі мәрте «Жыл адамы» - «Алтын Адам» (Золотой Человек) атағын алған адам (Жыл таңдауы 2005 және 2006 жж.), «Жүзжыл меценаты» атанған (Мәскеу – 2007ж.), «Іскер адам – Астана 2006 ж.», «Рубиновый крест» (Ресей) орденінің кавалері, «Королева Виктория» (Ұлыбритания) орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Президентінің Құрметті дипломының, «Құрмет» және «Парасат» (Қазақстан) ордендерінің иегері, Оңтүстік полюс (Антарктика) және Солтүстік полюсті (Арктика) бағындырып, Әлемнің 6 құрлығының 129- дан астам елінде болған адам.2014 жылы «Astana EXPO-2017» жалауымен «Queen Elizabet» (Королева Елизавета) лайнерінде ол 119 күннің ішінде жерді айналып шықты.2016 жылы Сапар Ысқақұлы «ИЛ-76 МДК» ұшағында Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығында РФ (Звездный городок) «салмақсыздық» күйінде болып, барлық ғарыш ұшағына байланысты жаттығуларды өтті. Одан бұрын, ол «МИГ-29» әскери ұшқышында 22 000 метрге стратосфераға ұшты.(РФ, Нижний Новгород қ.).

- Өрденбек Мазбаев Блисбекұлы – жағрафия ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры. ҚСРО Чемпионаты автомототуризм бойынша күміс жүлдегері (1989 ж.) ҚР білім беру ісінің үздігі. 1993 ж. Экскурсовод-гид, тау туризмінің инструкторы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм инструкторы (2008 ж.), Қазақстан Республикасының туризмінің құрметті қызметкері (2011 ж.).

Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2011г.), Москва балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану академиясының «Алтын компас» (2007 ж.), Антарктидаға барған Қазақстандық экспедицияның ғылыми жетекшісі (2011 ж. Гиннесс кітабына енген). «Қазақстан аңыздары» атты ғылыми-танымдық экспедицияның ғылыми жетекшісі (2012 ж.). Еуропалық сапа сертификаты мен Еуропалық алтын медалі (2013 ж.), Абай атындағы ҚазҰПУ-ң «Ерен енбегі үшін» медалімен 2013 ж. марапатталды. «ҚР дамуына көп жылдық еңбек үшін» Қазақстан Республикасының құрметті азаматы (2016 ж.).

- Сабитов Жақсылық – тарих ғылымдарының докторы, ДНК-шежіре жобасының ғылыми жетекшісі; Л.Гумилев атындағы ЕҰУ аймақтану кафедрасының доценті.Экспедиция  болған барлық елдерден ғылыми қызметшілер, тарихшылар, зерттеушілер келіп, ғылыми экспедицияның жұмысының қорытындысы сарапталады.

2018 жылы  ғылыми экспедиция келесі елдер бойынша өз жалғасын табады: Жапония, Корея, ҚХР, Үндістан, Сирия, Иордания, Палестина, Ливан, Израиль, Түркия, Болгария, Румыния, Македония, Словения, Косово, Хорватия, Албания, Түркменстан және т.б.

11 қыркүйек 2017 г. 2 246 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 696 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930