» » Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер: Отанымызда оқыған жақсы

Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер: Отанымызда оқыған жақсы

 Мысыр билігі ұстаған қазақстандық студенттер 13 күн бойы тар камерада кісендеулі болған. Бұл туралы олар Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 
 Еске салайық, ҚР азаматтарының Мысырда ұсталғаны жайлы мәлімет 2017 жылдың шілдесінде белгілі болған еді. Студенттер қазақстандық меморгандардың араласуымен босап шықты. Алайда Мысыр билігі олардың не себепті ұсталғаны жайлы әлі де ресми мәлімет бермей отыр. Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТ университетінің магистратурасында екінші курста оқитын Қанат Берік Мысыр елін шетелдік студенттерді араб тіліне оқытудан көш бастағандықтан таңдалғанын айтып берді. "Барғанымызға сегіз күн болғанда ұстап әкетті. Құқық қорғау органдары бізді үйімізден алып кетті. Не себепті ұстағандарын айтпады. Ата-анамен, өзіміз оқыған университетпен немесе Қазақстан билігімен байланысқа шығуға мүмкіндік бермеді", - деді Қанат Берік.
Оның айтуынша, бастапқыда қателік болғандықтан ұсталғаны жайлы бейресми мәлімет түскен. Студенттердің атына немесе олардың отбасына ресми хат түспеген. "Біздің тарапымыздан ешқандай да заңбұзушылық болмады. Алайда сонда да ұстап әкетті. Қазір Мысырда саяси жағдай күрделі. Қазіргі уақытта Отанымызда, Қазақстанда оқыған жақсы. Шетелге оқуға баруға ниет болса, баратын жердің жағдайын мемлекеттік қолдауымен ресми мәліметтер арқылы біліп алу қажет", - дейді студент . Онымен бір топта оқитын Еламан Жазылхан да еш себепсіз ұсталғанын айтып отыр. "Мысырда қазір жағдай тұрақты емес. Білім алуға жағдай қиындаған. Мысырдың құқық қорғау органдары бізді негізсіз стады. Қазақстан билігінің қолдауының арқасында отанымызға оралып, оқуымызды жалғастырып жатырмыз. Шетелге баруды, әсіресе Мысырға баруды жоспарламаймын. Оқуға Қазақстанда да жағдай жасалған", - деді ол. "Уақыт көрсетеді. Жұмыспен бару керек болса, барып қалатын шығармын", - дейді ол.
Қанат Беріктің әкесі Ардақ Исабеков Мысыр билігінен ресми түсінік күтіп отырғанын айтып өтті. "Біздің студенттердің тарапынан заңбұзушылық болған жоқ. Адам құқығының барлық нормасы тапталды. Ешқандай заң сақталмайды. Ұстау заңсыз жүргізілген. Біздің СІМ-ге хабар берсе болар еді ғой. Қазір біз сотқа беру туралы ниет жоқ. Бастысы, аман-есен. Балалары шетелге оқуға кеткен барлық ата-анаға айтарым, мемлекеттік қолдауымен барғаны дұрыс. Жағдайы тұрақсыз елдерде ешкім де мұндайдан сақтана алмайды", - деді ол. Исабековтың айтуынша, студенттер Қазақстанға 4 тамызда келген. Оларды СІМ қызметкерлері күтіп алып, үйлеріне жеткізген.
Студенттер мен олардың туыстары қолдау білдірген қазақстандық СІМ-ге алғыс айтты. Мысыр билігіне қарсы шағым түсіру жоспары жоқ екенін де қосты олар.
Ал Мысыр билігінен ресми жауап келмегендіктен ҚР Сыртқы істер министрлігі наразылық нотасын жолдады. 
Дереккөз:Алаш айнасы

11 қыркүйек 2017 г. 2 516 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 548 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930