» » Білім және ғылым министрі: Маған 25 әріптен тұратын әліпби ұнады

Білім және ғылым министрі: Маған 25 әріптен тұратын әліпби ұнады

 ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әліпбидің жобасы неліктен талқыланғанын және үкіметтегілердің қоғамнан қандай пікір күтетіндерін айтып берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 "Бұл мәселені толығырақ талқылауға әлі уақыт бар. Сарапшылар бірнеше нұсқаны қарастырып, осыны таңдады. Сіздерге осы нұсқа ұнады ма? Маған 25 әріптен тұратын әліпби ұнайды. Енді азаматтарымыз өз ойларын айтсын немесе нақты бір ұсыныстары болса ұсынсын, айтсын. Сол үшін де осы әліпби мәселесі талқыға салынып отыр", - деді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Еске салайық, кеше, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудыңреспубликалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады.

Дереккөз:Алаш айнасы.

12 қыркүйек 2017 г. 3 150 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 208 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031