» » ҰБТ орнына қабылдау емтихандары өткізілуі мүмкін

ҰБТ орнына қабылдау емтихандары өткізілуі мүмкін

 Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ЖОО ақылы бөлімінің талапкерлері үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүйесі қабылдау емтиханымен алмастырылуы мүмкін, деп хабарлайды "Ақжол" партиясының баспасөз қызметі.

 "Ақжол" партиясынан шыққан мәжіліс депутаттарының пікірі бойынша, елдегі гранттарды тағайындау жүйесі Қазақстаннан "ақылдылардың" кетіп қалуына жол береді, талантты жастар елден тыс жерлерде ақысыз білім алу мүмкіндіктерін қарастырады. Ал, Ресей, Чехия, Қытай елдеріндегі ЖОО біздің бітірушілерді ҰБТ сертификаты болмаса да қабылдап, оларға гранттар тағайындайды.

"Вице-министр Аймағамбетов, министрлік ЖОО ақылы бөлімінде білім алатын талапкерлердің ҰБТ жүйесін қабылдау емтихандарын тапсырумен алмастыруға дайын екенін айтты", — делінеді партия хабарламасында.

Биылғы жылы гранттарды тағайындау процессі ҰБТ жоғары балл көрсеткіштері бар балалардың мемлекеттік грант иелене алмаған кезде, талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан сынға ұшыраған болатын.
Дереккөз:Алаш айнасы.

13 қыркүйек 2017 г. 2 270 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 247 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 618 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031