» » Астана тұрғыны Ресей әнұраны жазылған дәптерлердің сатылып жатқанын айтып шағымданды

Астана тұрғыны Ресей әнұраны жазылған дәптерлердің сатылып жатқанын айтып шағымданды

 Астана тұрғыны Айгөлек Жанасылова Ресей әнұраны жазылған оқу дәптерлерінің сатылымда жүргенін айтып шағымданды. Бұл туралы stan.kz сайтына сілтеме жасай отырып,Қазақ үні хабарлады.

 Аталмыш жайт туралы елорда тұрғыны Айгөлек Жанасылова Фейсбуктағы “Астана хочу похвалить/пожаловаться” тобында жазады.

Әйелдің айтуынша, оқу құралын елордадағы SMALL сауда желісіндегі дүкендердің бірінде сатып жатқан көрінеді.

“Аталмыш өнімнің келесі жолы сатылымға түспеуі үшін жазып отырмын. Бұл жол берілмеуі тиіс нәрсе. Балалар – өздері анализ жасай алмайды, кез-келген ақпаратты сол күйінде қабылдай салады. Менің бес балам бар, мен оларға тиісті деңгейде тәрбие беруім керек. Мектепте бір әнұранды айтады, ал дәптерде басқа әнұран жазылған”, – деп жазады ол.

SMALL сауда желісі аталған ақпараттың тексеріліп жатқанын хабарлады. Астаналықтың шағымы туралы дүкен өкілдері әлеуметтік желі арқылы білген.

23 қыркүйек 2017 г. 2 550 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 207 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031