» » БҒМ Қоғамдық кеңесі ақылы негізде ЖОО-ға түсуші жастар үшін ҰБТ-ны алып тастау туралы бастаманы талқылады.

БҒМ Қоғамдық кеңесі ақылы негізде ЖОО-ға түсуші жастар үшін ҰБТ-ны алып тастау туралы бастаманы талқылады.

 ҚР БҒМ Қоғамдық кеңесі «Ақ Жол» партиясының ақылы негізде ЖОО-ға түсуші жастар үшін ҰБТ-ны алып тастау туралы бастамасын  талқылады.Бұл туралы БҒМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып,EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 «Ақ Жол» партиясы өкілінің пікірінше, «гранттарды бөлу туралы қолданыстағы жүйе біздің елдің «ғұламалардың жылыстауына» жағдай жасайды...  оның үстіне, Чехия, Ресей, Қытай және өзге де мемлекеттер тегін білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Көптеген жас маман Қазақстанға оралмайды да».

Қоғамдық кеңес төрағасы С.Ирсалиев «Заманауи әлемде көптеген мемлекет, соның ішінде Ресей мен Қытай, жоғары білім алған адамдардың санын арттыруға талпынуда. Мұндай үрдіс бізде де болуы қажет. Сол себепті жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту, оның ішінде жастардың ҰБТ тапсыруға бағытталған және икемді шарттарын жасау қажет».

Қоғамдық кеңес министрлікке жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсетін талапкерлер үшін ҰБТ-ны алып тастау және ҰБТ-ны мемлекеттік білім грантын алу үшін конкурстық іріктеу құралы ретінде белгілеу мақсатында нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңес қазақстандық жастардың ең жақсы шетелдік жоғары білім бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндіктерінің кеңеюіне қатысты өз ойын білдірді және БҒМ-ға Қазақстанда, ең бастысы - елордамыз Астанада шетелдік жоғары оқу орындарының халықаралық кампустарын құру тәжірибесін белсендіруді ұсынды.

28 қыркүйек 2017 г. 3 879 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 219 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 609 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031