» » Қазақстандық танымал суретші өз ауылында 20 балаға стипендия тағайындады

Қазақстандық танымал суретші өз ауылында 20 балаға стипендия тағайындады

 Суретші Ерболат Төлепбай Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданындағы орта мектептің 20 оқушысына арнап, шәкіртақы тағайындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 24.kz арнасының хабарлауынша ол өзі де кезінде осы оқу ордасында білім нәрімен сусындаған. Сыйақы оқуда озат, белсенді балаларға беріледі.

Осы бір жомарт жан Тоқболат Тоғысбаев атындағы мектепті өз қаражатына күрделі жөндеуден де өткізіпті. Мемлекеттік сыйлықтың иегері осылайша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына үн қосқысы келген. Жиырмаға жуық қылқалам шебері өмірге келген Тасарық ауылында Ерболат Төлепбайдың демеуімен жаңа мешіт салынған.

"Өзіміздің елге деген, Отанымызға, тәуелсіз мемлекетімізге деген үлесімізді білдіргіміз келді. Өзім туып өскен ауылда, өзім бітірген мектепке 20 адамға премия арнағанмын. Мектептің алдына елімізге белгілі қайраткер халық суретшісі Тоқболат Тоғысбаевтың мүсінін жасауға да атсалыстым" - дейді ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Ерболат Төлепбай.

02 қазан 2017 г. 2 006 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 382 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031