» » «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимараттар кешенінің салтанатты ашылуы өтеді.

«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимараттар кешенінің салтанатты ашылуы өтеді.

 2017 жылдың 03 қазанында Алматы қаласының архитектуралық жарықтандыру тұжырымдамасын орындау аясында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен іс жүзіне асырылған «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимараттар кешенінің архитектуралық сәулетті жарықтандыруының салтанатты ашылуы өтеді. Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Сәулетті жарықтандыру «Ғылым ордасы» айналасына түнгі уақытта ерекше жарық сыйлап, тарихи ескерткіштің қасбетіне ерекше сән беруде.Іс шараны  «Ғылым ордасы» РМК мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыруда.

 «Ғылым ордасы» ғимараттар кешенінің құрылысы 1948 жылы басталып, 1957 жылы аяқталған. Аталмыш ғимарат Қазақстан Республикасының бірегей тарихи сәулетті ескерткіштері қатарына еніп, мемлекет қорғауына алынған.

 Жалпы көлемі 39 мың ш.м. құрайтын, 12 павилионнан тұратын бұл  кешенде: Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы,   Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейі, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы 10 ғылыми-зерттеу институттары, 6 млн. кітап қоры бар Орталық ғылыми кітапхана және «Табиғат», «Археология», «Сирек кездесетін кітаптар», «Қазақстан ғылымының тарихы» музейлері орналасқан. 

Іс шараға еліміздің жетекші ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен қызметкерлері, Алматы қаласы мемлекеттік органдарының және БАҚ өкілдері қатысады.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко, 28.

Өтетін орны және уақыты: 03 қазан 2017 жыл, сағ. 19.00-де.

 

Қосыша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (727) 272-94-41;  261-00-30.

03 қазан 2017 г. 4 079 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031