» » Көкірекбаев жыл сайын 10 ауылды көркейтуді ұсынды

Көкірекбаев жыл сайын 10 ауылды көркейтуді ұсынды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев аймақтағы 10 ауылды «Туған жер» бағдарламасы бойынша кешенді түрде көркейтуді ұсынды.

Өткен аптада К.Көкірекбаев Мойынқұм ауданында іс-сапармен болғандығы белгілі. Іс-сапар барысында облыс басшысы аудандағы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан іс-шаралармен танысты: - «Рухани жаңғыру» түптің түбінде барлық саланың, тұтас еліміздің жаңғыруына алып келеді. Міне, Елбасы  ойларының тереңдігі де, көрегендігі де осында, - деді аймақ басшысы.

Іс-сапар аясында облыс басшысы келесі жылдан бастап Жамбыл облысының 10 ауылы «Туған жер» бағдарламасы бойынша көркейтілетіндігін айтты. Оның айтуынша, әр ауданнан бір ауыл таңдалынып, сол ауылдардан шыққан кәсіпкерлер, қалталы азаматтар, сонымен қатар, инвесторлар бірігіп туған жерлерін көркейтуге атсалыспақ. Бұл жобаны жүзеге асыруға бюджеттен бір тиын жұмсалмайтындығы да белгілі болды.

Жобаның мақсаты - облыстағы ауылдарды қазіргі заманға сай дамыту.

- Келесі жылы біз 10 ауылды көркейтуді көздеп отырмыз, 2019 жылы 20 ауылды қамтуымыз керек. Менің ойымша, облыстан шыққан кәсіпкер азаматтар өзінің туған жерінің дамуына атсалысуы перзенттік парызы. Ал егер біз осы жобаны республикаға ұсынып, еліміздің басқа аймақтарынан қолдау тапсақ, келесі жылы Қазақстан бойынша 160 ауылды, 2019 жылы 320 ауылды инвесторлар мен кәсіпкерлер арқылы кешенді түрде жаңғыртытуға мүмкіндік алар едік, - деді К.Көкірекбаев.

Бұл жоба бойынша бағдарламаға енген ауылдарға жаңа көшелер, саябақтар, спорт алаңдары салынып, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сонымен бірге, ауыл көшелерін жарықтандыру, сәулеттік көркін жақсарту және тағы басқа кешенді жұмыстар атқару көзделуде.

Жамбыл облысында аталған жобаны жүзеге асыру басталып кеткендігі де белгілі болды. Қазіргі уақытта жобаға Мойынқұм ауданынан Кұмөзек ауылы, Талас ауданынан Ақкөл ауылы еніп отыр екен. Қалған 8 ауыл жақын арада анықталмақ.

16 қазан 2017 г. 3 088 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 851 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 745 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930