Астана қаласында 20-шы қазанда «Технологияларды коммерциализациялау ғылым мен бизнесті біріктіру құралы ретінде» форумы өтеді
«Технологияларды коммерциализациялау ғылым мен бизнесті біріктіру құралы ретінде» форумы 20-шы қазанда Астана қаласында өтеді. Форумға қатысушылар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің дамуы өзекті мәселелерін, сондай-ақ ғылымды экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағыттау мақсатында ғылым мен бизнестің өзара қарым-қатынасын тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Шараға білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмрин, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым, Elsevier директорлар Кеңесінің төрағасы Йонг Сук Чи және «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіп кешені Комитетінің төрағасы Иван Сауэр қатысады.
Халықаралық форумды өткізудің мақсаты – жаңа технологияларды коммерциялауды дамыту және жәрдемдесу, ғылыми зерттемелерді әйгілеу және инновация саласындағы халықаралық серіктестікті нығайту болып табылады. Шара аясында пленарлық отырыстар және тақырыптық сессиялар, жоғары коммерциялау әлеуетіне ие ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстары нәтижесінің көрмелері, пікірталас алаңдары, сондай-ақ кездесулер мен еркін әңгімелесу болады. Мұндай формат қазақстандық ғылым мен қызығушылық танытқан бизнес құрылымдардың ынтымақтастығына жол ашады.
Форумның шеңберінде Elsevier-мен Ұлттық лицензиялық келісімге қол қойылатын болады. Соның арқасында зерттеушілердің қажеттіліктерін қолдау және Қазақстандағы ғылым нәтижелерінің тиімділігін ұлғайту үшін ғалымдарға Scopus және Science Direct-ке рұқсат беріледі. Сонымен қатар FameLab жас ғалымдар байқауы, оқушыларға арналған ғылыми байқау (STEM), жәнеде ғылым фестивалі секілді ғылым мен жастарға арналған бірқатар шараларды біріге отырып өткізу үшін British Council-мен меморандумға қол қойылады.
Сонымен қатар ҒҒТҚН-ін өндіріске енгізу процесстеріне мемлекеттік қолдау көрсету құралдары бойынша, ҒҒТҚН коммерциялау жобаларын қаржыландыру және ғылымды экономиканық нақты секторының қажеттіліктеріне бағыттау мәселелері бойынша ақпарат ұсынылатын болады.
Форум 20-шы қазанда 9:00-де St.Regis Astana мейманханасында өтеді. Шараған қатысу үшін http://forum.science-fund.kz. сілтемесі бойынша өтіп, тіркелу қажет. Аккредиттеу сұрақтары бойынша келесі нөмір бойынша хабарласыңыздар: +7 (717) 276-85-54;e-mail: forum.science.2017@gmail.com