» » Үздік бизнес-тәжірибе мектептегі білім беруге енгізілуде

Үздік бизнес-тәжірибе мектептегі білім беруге енгізілуде

  АЛМАТЫ, Казақстан, 7 қараша 2017ж. – «Өрлеу»  Ұлттық кадрларды даярлау орталығында  – «Мұғалімнің қатысымдық дағдылары» бағдарламасы бойынша «Өрлеу»  Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ренессанс Агенттігінің бірлескен жобасының нәтижелері ұсынылатын болады. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің  және «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

«Шеврон» компаниясының өкілі  Лейла Айтмұханованың сөзі бойынша, «ел азаматтарының зияткерлік әлеуетінің толық ашылуына жәрдемдесетін оқытудың инновациялық нысанын қолдау әрдайым әлеуметтік  компаниялар инвестицияларының қамту аясында болды. Біз сондай-ақ қазақстандықтардың жас ұрпағын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының тиімді ықпалдастығын маңызды деп санаймыз».

Жоба шеңберінде республика орта мектептерінің 35 тренер – оқытушысы оқудан өтті. Олардың бір бөлігі өздерінің тенерлік дағдыларын жақсартты, ал 15-і қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа тренинг бағдарламасы бойынша барлық өңірлерде қазақстандық мектеп мұғалімдерін оқыту құқығын алды. Жыл бойында   300 жуық мұғалімнің    оқушылармен және ата-аналармен өздерінің қатысымдық дағдыларын жақсартатындығы күтіліп отыр.

«Мұғалімнің қатысымдық дағдылары»  тренингі білім беру жүйесі үшін ерекше болып табылады және бизнес ортада  Ренессанс Агенттігінің 22 жылдық жұмыс тәжірибесіне негізделеді. Ол білім беру жүйесіне негізделген және қазақ тіліне аударылған.

Тренингті 2017 жылғы 17 наурызда Ренессанс Агенттігі мен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы қол қойған ықпалдастық туралы Меморандум аясында Ренессанс Агенттігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығына мерзімсіз пайдалануға берген. Әдістемелік басшылықты қазақ тіліне  орталық мамандары аударған. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының барлық тренерерлері қатысымдық дағдыларға үйренумен қатар супервизиядан/сертификаттаудан өтті.

Білім мен ғылым саласы іргелі өзгерістер кезеңін өткеруде. Бірінші кезекте мектеп мұғалімі осы өзгерістердің жүргізушілері болып табылады, оларды мектептерде жүзеге асырады және реформалардың мәнін оқушылар мен ата-аналарға түсіндіреді.

Білім берудің жаңарған мазмұнына көшу оқушы енжар қатысушы болмайтын, мұғаліммен тығыз әрекеттесетін, бастама көтеріп, дербестігін көрсететін оқу үдерісіндегі жаңа мақсаттарды және белсенді оқыту технологиясын қамтиды.

Сондай-ақ орта білім беруде бағалаудың  критериалдық жүйесіне көшу жүреді, бұл оқушы мен мұғалім арасындағы сапалы кері байланыс. Мектептерде қазір енгізіліп жатқан барлық осы өзгерістер мұғалімнен қатысымдық дағдыларды барынша жоғары меңгеруді талап етеді.  Жаңа тренинг бұған серпінді ықпал етеді.

 Аккредитация: 

Асель Абдрахан, МОН РК

тел.: +7 707 111 94 11

email: a.abdrakhan@gmail.com

Абишова Перизат, Агентство Ренессанс

тел.: + 7 778 289 70 39  

email: perizat@rns.kz

03 қараша 2017 г. 3 171 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 238 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 616 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031