» » Бердібек Сапарбаев: Хиджаб киген оқушылардың ата-анасы құқықтарынан айырылмайды

Бердібек Сапарбаев: Хиджаб киген оқушылардың ата-анасы құқықтарынан айырылмайды

 Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің орамал таққан оқушылардың ата-аналарына қатысты сауалдарға жауап берді. Бұл туралы NUR.KZ порталына сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе облысы басшысының айтуынша, орамал таққан оқушылардың әке-шешесі ата-ата құқықтарынан айырылмайды.

«Біріншіден, балалардың қандай киім кию керектігі ішкі ережелермен бекітіледі. Ата-аналар комитетімен мақұлданады. Өкінішке қарай, мектепке орамал тағып баратын оқушылар бар. Дегенмен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нәтижесінде, оқушылар орамалдарын тастап жатыр. Шамамен 340 оқушы орамал тағады екен. Қыркүйек айынан бері шамамен 24 оқушы орамалдарын тастады», — деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаев бұл жағдай бойынша ата-ана құқынан айыру жөніндегі ұсынысқа қатысты Ақтөбеге оралған соң тексеру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

04 қараша 2017 г. 3 356 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 228 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031