» » Ақтөбеде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен келіншектің туыстары мән-жайды айтып берді

Ақтөбеде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен келіншектің туыстары мән-жайды айтып берді

Айдана Мұқанбетжанованы соңғы рет балабақшадан көрген. Ол балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істепті.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Айдана Мұқанбетжанованы «Алтын бала» балабақшасында жұмыс істеген екен. 24 жастағы келіншек жоғалып кеткен күні күйеуі оны жұмысына көлігімен әкеліп салған. Бір сағаттан кейін ол әріптесіне біраз уақытқа сыртқа шығып келетінін айтыпты. Алайда балабақша аумағынан шыққан келіншек із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Бірінші ауысымдағы тәрбиешіден бір сағат отыра тұруын сұраған. Әріптесінің сөзінше, ол әкімшілікен сұраныпты. Алайда , шындығында, ол ешкімге ескертпеген», – дейді «Алтын бала» балабақшасының меңгерушісі Динара Төребаева.

Айдананы үйінде 3 жасар егіз қыздары, күйеуі мен енесі күтіп отыр. Енесі Шахизада Нысанғалиева үйде дау-дамай болмағанын айтады. Десе де келінінің бұған дейін де үйінен кетіп қалғанын жасырмады.

«Сол күні ұлым Айдананы жүмысына апарып салған. Олар күндіз сағат 12-лердің шамасында кеткен. Екі сағаттан кейін ұлым қоңырау шалып, Айдананың үйге келген, келмегені туралы сұрады. Жұмысында оны іздеп, таба алмай жатқанын айтты», – дейді енесі Шахизада Нысанғалиева.

Белгілісі, Айдана балабақшаға бара жатқан жолда күйеуінен қырызын қайтару үшін 5 мың теңге сұрап алған.

Ал полицейлер егіздердің анасын іздестіріп жатқанын айтуда.

«Қазіргі уақытта жоғалып кеткен келіншектің қайда екенін анықтауға бағытталған шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Айдана Мұқанбетжанованың іздестіріліп жатқанына осымен 3 апта болған. Туыстары оның аман-есен табылатынынан үміттенеді. Оны жұмысындағылар да күтіп отыр. Іздестіру жұмыстары жүріп жатқандықтан, еңбек кодексіндегі бап бойынша тәрбиешіні жұмысынан шығара алмайды.

20 қыркүйек 2018 г. 2 832 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 208 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031