» » Дариға Назарбаева "Jas Qalam" форумын ашты

Дариға Назарбаева "Jas Qalam" форумын ашты

ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры, Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева қазақстандық журналистиканы дамытуға, жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған "Jas Qalam" форумын ашты, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA Baq.kz порталына сілтеме жасап.
«Жыл сайын ҚР тұңғыш Президенті Елбасының қоры мен Қазақстан жастар конгресі қоғам үшін маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың қатарында бүгінгі заманда өзекті мәселелерді айқындайтын – «Жас қалам» жобасы. Бұл жобаның маңыздылығы сапалы және шынайы ақпараттарды анықтауға, еліміздің жас мамандарының тұрақты қызметте әлеуетін дамытуға арналған. Қазіргі таңда журналистиканың жаңа трендтері өте көп және осы жаңалықтарды жастарға еліміздің тек кәсіби, жоғары санатты ең үздік журналистері ғана жеткізе алады. Сондықтан «Жас қалам» ЖОО-да алынатын білімге қоса журналистика саласын іс жүзінде дамытып жатқан шеберлердің тәжірибесінен үлгі алуға мол мүмкіндік береді», - деді ол.
Ол қазіргі таңда журналистика көп қызығушылық танытатын мамандықтардың бірі және маңызды жаңалықтарды біліп қана қоймай, қандай да бір мәселені ортаға салып сұхбаттау, талқылау және сараптама жүргізу арқылы оны халыққа жеткізу осы мамандықтың ерекшелігі болып отырғанын атап өтті.
«Жас қалам» бұл қатысушыларға еліміздегі қоғамдық, саяси, экономикалық оқиғалар, деректердің шынайылығын тексеру, жағымсыз контентпен жұмыс істеу, қазігі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану туралы ақпарат таратуға, жас журналистердің рөлі, масс-медиадағы өзгерістер туралы журналистік қызметте тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда адамдардың өмірін бұқаралық ақпарат құралдарынсыз, журналистерсіз елестету қиын. Сіздер таңнан кешке дейін әр адамның өміріне бойлайсыздар. Мұны байқамасаңыздар да жұмыстарыңызды жасай бересіздер. Журналист болу дегеніміз ол – өз уақытыңның ұяты болу, көп нәрсе көру, тыңдау, білу, түсіну және оны түсіндіре білу. Қазіргі замандағы күрделі жаңалықтарды, оқиғаларды аудиторияға өте қарапайым, қолжетімді тілде түсіндіре, жеткізе білу тиіс. Біздің «Жас қалам» бағдарламасы аясында оқытудан өтіп, танымал журналистермен жолығу арқылы көп нәрсе үйреніп, алған білімдеріңізді күнделікті қызметте қолдану мүмкін болмақ», - деді Дариға Назарбаева.

12 қазан 2018 г. 55 480 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 581 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930