Таразда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде халықаралық конференция өтті. Ғылыми-тәжірибелік сипатқа ие жиын тақырыбы «Заманауи білім: әдіснама, теория мен тәжірибие», деп хабарлайды "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі.
Білім саласының басым бағыттарын саралап, шет елдік және отандық мамандардың тәжірибие алмасуын көздеген шараға Республикамыздың беделді жоғыру оқу орындарының мамандарынан бөлек шет елдік профессорлар көптеп қатысты.
Олардың қатарында АҚШ, Ресей, Беларусь, Латвия, Англия, Чехия, Германия және өзге де мемлекет өкілдері бар. Ағымдағы жылдың 26-27 қазан күндеріне жоспарланған жобаға ғылыми-практикалық конференцияның жинағына алдын-ала мақала жіберген қатысушылар іріктелген. Олар өз жұмыстарында қазіргі білім саласына үлес қосудың тың жолдарын ойластырып, баршаның мүддесін қамтамасыз ететін пікірлерін алдыға тартады.
100-ге тарта топтастырылған мақала қатысушылардан бөлек жобаға қызығушылық танытқан кәсіби, қосымша білім беру саласының мамандарына, магистранттар, аспиранттармен докторанттарға және конференция мазмұнына қызығушылық білдірген тұлғаларға қолжетімді. Шараны ТарМПУ-дың оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Әлімбаева Сәуле Құрмантайқызы ашты.
Жаңа дәуірдің оқу бағытын саралаған жыйында білім бағдарламасын қайта құрып, тың әдістердің енуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, заман талабына сай педагог мамандарды оқытып, тәрбиелеп шығарудың маңызы алдыға тартылды.
Ал Германиядан келген Ph.D доктор Готфрик Томас «Еуропадағы CLIL-сабақтарының тарихы, мінездемесі және проблемалары - теория және тәжірибе туралы кейбір негізгі идеялар» тақырыбын қозғады. Ол «CLIL - тек «жаңа бөтелкедегі ескі шарап»? деген пікірді қалыптастырды.
Оның баяндамасына сенсек елімізде қазір құрастылып жатқан тың оқу бағдарламасы батыс мемлекеттерінде қабылданып, іске асырылып жатқан білім жүйесінің өңдеуден өткен жаңа нұсқасы. Бұдан бөлек спикерлер қатарында Вильдау қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Питер Ендерс, АҚШ-тағы Евергрин мемлекеттік колледжінің PhD докторы Нэнси Коппелман және т.б. Шараны жоғыры деңгейде ұйымдастырып, жүргізген модераторлар қатарында: к.ф.н., доценті Есенова Нарима Бөрібайқызы, Халықаралық қатынастар орталығының басшысы Дүйсенова Назым Тұрсынбайқызы, х.ғ.к., доценті Мажибаев Асылжан Кенжекерейұлы, PhD доктор Таубаева Раушан Серікқызы, PhD доктор Исабекова Гулнур Болатбекқызы, және PhD доктор Кудабаева Перизат болды.
Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі.