» » Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының стартап жобасы әлемдік жұртшылық назарында

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының стартап жобасы әлемдік жұртшылық назарында

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында өткен "Technovation challenge" халықаралық байқауына қатысып, өнертабыстарын халықаралық сарапшылар алдында қорғап қайтты,-деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі fmalm.nis.edu.kz сайтына сілтеме жасап.


Дильназ Камалова, Дана Ерланова, Любовь Дудченко мен Малика Бурибаева есімді зияткер оқушылар «TECO» деп аталатын толықтырылған шынайылығы бар 3D ойынын жасап шығарды. Мобильді қосымшаның негізгі мақсаты – қоғамның назарын экологиялық мәселелерге аударту. Мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Technovation challenge» халықаралық байқауының аймақтық кезеңінде мобильді қосымша көпшіліктің қызығушылығын тудырып, төрт қыздан құралған «СоСо» командасы жартылай финалға өткен еді. Көп ұзамай халықаралық сарапшылардың да оң бағасына ие болып, қыздар әлемдік додаға жолдама алды.

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында өткен "Technovation challenge" халықаралық байқауының финалына шартараптан тек қана алты үздік команда, оның ішінде Қазақстаннан тек Зияткерлік мектеп оқушылары ғана қатысты. 

 

«Ойын 3D форматында болғандықтан, оны көріп отырған адам өзі оқиғаның ішінде жүргендей болады. Сондықтан қызығып ойнайды. Басты кейіпкеріміз – ғарышкер. Өзінің жеке планетасын сақтап қалу мақсатындағы әрекеттері бейнеленген. Мобильді қосымшада есептеуіш те болады. Күніне неше рет қоқыс жәшігіне қоқыс салғаныңды есептеп тұрады», – дейді Дильназ Камалова.

«СоСо» тобы ойлап тапқан мобильді қосымша туралы халықаралық БАҚ өкілдері жарыса жазды. Америка Құрама Штаттарының «Forbes» журналы кезекті санына зияткер қыздардың интерактивті өнертабысы туралы мақала жарияласа,  «SiliconAngle the Cube» арнасы YouTube желісіне Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік оқушыларымен сайыс кезіндегі сұхбатын жүктеген. 

     

 Айта кетейік, «Technovation Challenge» — 10-18 жас аралығындағы оқушы қыздар арасында өтетін халықаралық байқау. Қатысушылар мобильді қосымша арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысады. Байқауды ұйымдастырушы — Кремний алқабындағы «Iridescent» коммерциялық емес қайырымдылық ұйымы.




Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
18 қазан 2019 г. 3 029 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031