» » ІТ-сынып оқушылары арасындағы алғашқы олимпиада

ІТ-сынып оқушылары арасындағы алғашқы олимпиада

ІТ-сынып оқушылары арасындағы алғашқы олимпиада өткізілді, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі "bilimdinews.kz" - ке сілтеме жасап.

Павлодарда «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасы аясындағы алғашқы облыстық «YOUNG PROGRAMMER» бағдарламалау бойынша олимпиада өткізілді.  «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасы «Нұр Отан» партиясының бастамасы ретінде 2018 жылдан бастап Павлодар облысында іске асырылуда.  Облыс білім беру ұйымдарында 29 IT-сыныптар ашылған және де 40 IT-сынып ашылу жоспарлануда.

Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасымен және IT-сыныптарының білім алушылары арасында облыстың интеллектуалды дарынды, талантты және креативті оқушыларды анықтау мақсатында олимпиада бағдарламалау, робототехника, 3D-модельдеу үш бағытында өткізіліп, 66 оқушыдан құралған 22 команда өз бақтарын сынады.  Олимпиада барысында қатысушыларға Scratch ортасында ойын әзірлеу,  Sketch Up  бағдарламасында шахмат тақтасы мен фигураларының моделін жасау, робототехника жарысында өздерінің құрастырушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсету керек болды.

Жоғары оқу орындары, колледждер оқытушылары мен облыс мұғалімдері құрамына кірген, қазылар алқасының алдында әр бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және де ең көп жеңіс алған олимпиаданың үздік командасын анықтау міндеті тұрды.

Ұзақ зияткерлік дода нәтижесінде «5-7 сынып оқушылары арасында Scratch ортасында бағдарламалау» бағытында 3 орынды облыстық көп салалы лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Жаслан Аубакиров, 2 орынды Ақсу қаласының №4 ЖОББМ 5 сынып оқушысы Давид Деккер, 1 орынды дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Милана Кондратюк иеленді.

«7-9 сынып оқушылары арасында LEGO MINDSTORMS робототехникасы» бағытындағы 3 орынға  Баянауыл ауданының Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Едіге Бердеш,  2 орынға   дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7 сынып оқушысы Арман Аубакиров, 1 орынға –  Павлодар қаласының №1 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Даниил Петряков лайық танылды.

«7-9 сынып оқушылары арасында SketchUp 3D-модельдеу» бағытында «Зерде» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы Жансая Бейсенбай 3 орын, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Фарид Аймульдин 2 орын, Баянауыл ауданының Майқайын №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нурмухаммед Макатаев 1 орын алды.

Сонымен қатар кейбір оқушылар білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды: «Жаңашыл оқушы» аталымы М.М. Катаев ат. Оқушылар сарайының тәрбиеленушісі Артур Бражникке, Павлодар қаласының №22 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Смайыл Егеубайға, Павлодар қаласының №26 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Владислав Купавченко берілді.

«Шығармашыл оқушы» аталымы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 6 сынып оқушысы Даниял Нұртаза, облыстық көп салалы лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Мейрам Жомартовқа,  Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Төлеген Төлеутайға бұйырды.

«Үміткер» аталымы Ертіс ауданының №3 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Виктор Диль, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Адильхан Қосановқа және 6 сынып оқушысы Саят Ағзамға ұсынылды.

Ең көп жүлделі орындарды иеленген дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің командасы олимпиаданың «Ең үздік команда» аталымына олжалады. Осы бастама балалардың креативті ойлау қабілетін дамытады, өз мақсаттарын іске асыруға септігін тигізіп, технологиялық дамыған әлемде өмір сүруге дайындайды. IT-сыныптар қабырғасында алған білім болашақта табысты стартаперлерді өсіруге мүмкіндік береді.  


Автор:
Бағдәулет НҰРМАТ,

Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы


Дереккөз: bilimdinews.kz.
03 мамыр 2019 г. 1 842 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 084 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 830 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930