Маңғыстау облысында «Алтын диск» олимпиадасы өтті
Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың 24 - 25 қазан күндері Ақтау қаласы С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі базасында информатика пәні мұғалімдерінің облыстық «Алтын диск» олимпиадасы өтті, деп хабарлайды "EDUNWES.KZ" ақпараттық агенттігі білім басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Олимпиадаға аудан, қала және облыстық мектептерден 8 мұғалім қатысты.
Олимпиаданың алғашқы кезеңінде мұғалімдер «Менің педагогикалық идеям» тақырыбында өздерінің тың идеялары мен бөлісті. Теориялық білімдерін анықтау мақсатында мұғалімдер тест тапсырып, деңгей бойынша олимпиадалық есептер шығарды. Олимпиаданың екінші практикалық кезеңінде ашық сабақтарын өткізіп, педагогикалық шеберліктерін көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
· Ақтау қаласы №11 МФММ мұғалімі Баткамбаева Избиби Далабаевна ІІ- орын 40.000 теңге;
· Мұнайлы ауданы №7 о/м мұғалімі Консбаева Алия Сисенбаевна ІІІ – орын 30.000 теңге;
· Түпқараған ауданы Ақшұқыр м/л мұғалімі Бердіхан Нұршат Көңлімшатқызы ІІІ - орын 30.000 теңге марапаттарына ие болды.
Теориялық кезең бойынша олимпиадаға қатысушылар есептерді шығара алмағандығына байланысты әділ қазылар алқасы І орынға лайық емес деп шешті.