» » Ұлттық мифологияның негізін қалаған қайсар қазақ құрметтелді

Ұлттық мифологияның негізін қалаған қайсар қазақ құрметтелді

Ұлттық мифологияның негізін қалаған қайсар қазақ құрметтелді. Бұл туралы «Edunews.kz» Ақпараттық Агенттігі bilimdinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Серікбол Қондыбай есімі көкірегі ояу көпшілікке таныс. Аз ғұмырында артында өшпес мұра қалдырған, «қазақ мифологиясы» атты жаңа ғылымның іргетасын қалаған ерекше дарын иесі.

Ақтау қаласында «Дарын» облыстық қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Маңғыстау-Серікбол көзімен» зияткерлік сайысы өтті. Басты мақсаты білімді де білікті жастарды қолдауға бағытталған. С.Қондыбай шығармаларын  зерделеп, туған жер туралы танымын тереңдету арқылы ұлттық рухты қалыптастыру болатын.

Сайысқа бес аудан мен қала және облыстық «Дарын» мектебінің шәкірттері белсене қатысып, сегіз команда екі кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар нақты сұрақтарға жылдам әрі тез жауап беріп, зейіндерін дәлелдеуге тырысты.

Негізгі міндетіміз – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту.

Серікбай Қондыбайдың ғылыми зерттеулерін оқыған адам қоршаған ортаның тылсым құпияларына терең бойлап, логикалық ойлау қабілетін шыңдайды, – деді сөз сөйлеген сайыстың негізін қалаушы Мұнайлы ауданы №8 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Якуб Қайырұлы.

Зияткерлік байқаудың нәтижесінде  жүлделі бірінші орынды Маңғыстау ауданындағы Өтес орта мектебінің «Көкжиек» тобы жеңіп алса, екінші белес Жаңаөзен қаласының командасына бұйырды. Үшінші орынды Мұнайлы ауданының намысын қорғаған жастар еншілеген еді.

Өрендеріміз бұл шараға үлкен қызығушылықпен белсене қатысып, тартымды өткізі білді. Соңында жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Автор:Гүлсім НАДИРОВА,

 Өтес орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы.


Дереккөз:bilimdinews.kz.
04 мамыр 2019 г. 1 403 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 748 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930