» » «Балалардың көзқарасын құрметтеу» тақырыбындағы семинар-тренинг

«Балалардың көзқарасын құрметтеу» тақырыбындағы семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 30 қазан күні «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Балалардың көзқарасын құрметтеу» тақырыбында семинар-тренингі өткізілді.«Балалардың көзқарасын құрметтеу» мемлекеттік гранты аясында бала, ата-ана және психологтың қатысуымен болған семинар-тренингке 28 ата-ана және 28 оқушы қатысқан болатын.

Семинар-тренингтің мақсаты - ата-аналар мен бала арасында жақындықты қалыптастыру, қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету, ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.  Балалар мен ата-аналар тренингке қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. 

Семинар-тренинг барысында №47 ЖОББМ-нің психологі, білікті маман Ж.Доскалиева мен №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясының 1 санатты психологі Л.Бисенгалиева ата-ана мен балаларға түрлі тренингтік жаттығулар, терапия ұйымдастырып, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Барлық қатысушыларға сертификат пен арнайы сыйлықтар табыс етілді.   

Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі

31 қазан 2019 г. 1 740 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 883 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 754 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930