» » Жанбота Кәбдікәрімова: Қашықтан оқыту жүйелі сипатқа ие

Жанбота Кәбдікәрімова: Қашықтан оқыту жүйелі сипатқа ие

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттырумен көп жылдан бері айналысып келеді. Осы орайда, Орталық директоры Жанбота Кәбдікәрімова мекеме қызметі туралы қысқаша баяндап берген болатын. 

Ғаламтор қолжетімділігі арта түскен уақытта білім беру мен оқытуды ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Біз 2012 жылы өткізген курстарымызда педагогтар арасында цифрлық сауаттылықты дамытуды алға мақсат етіп қойдық: дербес компьютерді сенімді пайдалануды және электронды бағалау порталымен жұмыс істеуді үйренуге, цифрлық ресурстарды қолдана отырып әртүрлі сабақ материалдарын жасауға, форумдарда, чаттарда және блогтарда тәжірибе алмасу арқылы онлайн-коммуникацияларды дамытуға басты назар аудардық. Қызметіміз аясында жүйелі түрде мұғалімдерге арналған қызықты онлайн курстар әзірлеп енгіземіз, кәсіби шеберлік байқауларын, апта сайын мектеп мұғалімдерін дәріс беруші ретінде тарта отырып, оқыту вебинарларын ұйымдастырамыз. Бүгінгі таңда мұғалімдер жұмыс барысына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өзінің білімі мен біліктілігін арттыруға сенімді әрі белсенді түрде кіріктіре бастады. Педагогтар бұл цифрлық технологиялар педагогикалық іс-әрекеттің сипатын біртіндеп өзгертетінін түсінеді.

Қазіргі таңда орталық педагогтардың біліктілігін арттырудың барлық бағдарламасын қайта қарастыруда, олардың бір бөлігі толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Заман сұранысына қарай танымалдылығы артып келе жатқан қашықтан оқыту педагог пен білім алушы арасындағы өзара аудиториялық әрекеттесуді қажет етпейтіндігімен ерекшеленеді, бұл эпизодтық емес, жүйелі сипатқа ие. Ал жұмыстың өнімді болу жауапкершілігі білім алушыларға жүктеледі.

Қашықтан оқыту форматында тиімді оқыту үшін міндетті 3 компонент қарастырылуы тиіс: бейнесабақтар (теледидар, ғаламтор және түрлі платформалар), оқушының өз бетінше жұмыс жасауы, орындалған тапсырма бойынша мұғаліммен кері байланыс жасауы. Сондай-ақ, қашықтан оқытудың маңызды бөлігі, оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мүмкіндігі болып табылады. Әрине, үйден оқыту белгілі бір өзіндік тәртіп пен өзін-өзі реттеуді талап етеді.

Қашықтан оқытуды енгізу – барлық орта білім беру жүйесі үшін үлкен жаңалық. Қазіргі таңда 7 мыңнан астам мектеп жаңа форматқа ауысуға тиіс болып отырған жағдайда педагогтар мен ата-аналардың тарапынан туындаған алаңдаушылықты түсінуге болады. Ата-аналар үйде оқытуды ұйымдастыру мен барлық пән бойынша бағдарламаны толық меңгеруді бақылау құзыреттіліктерін жеткіліксіз деп санайды. Мұғалімдер жауапкершілік жүгін: онлайн сабақ жоспарын әзірлеу, ал ол әдеттегі жоспардан ерекшеленеді, баланың өз бетінше жұмыс істеуіне түсінікті ресурстарды таңдау, ол жұмысты бағалауды, жеке немесе топтық онлайн кеңес өткізуді игере алмай қалуды уайымдайды. Әрине, жаңа дүниенің киындығы мен қызығы қатар жүретіні белгілі, бірақ бұл біздің елдің ғана алдында тұрған мәселе емес.

Педагогикалық шеберлік орталығы ата-аналарға, оқушылар мен мұғалімдерге түсіндірме бейнероликтерін дайындады, тіпті екі апта бұрын «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты екі тілде вебинар өткізді. Мұндағы жағдайдың басты артықшылығы – олар аз уақыт ішінде игеріп, барлық қашықтан оқыту технологияларын енгізуді инновацияны қолдау деп қабылдайды.

Бір сыныпта білім алатын балалардың оқу қарқыны мен қажеттіліктері әртүрлі болуы мүмкін. Мұғалімге 40 минуттық сабақ ішінде әр балаға бағытталған тәсілді қолдану қиынға соғады, дегенмен оны сабақтан тыс онлайн оқыту арқылы жасауға әбден болады. Бұл қабілеті жоғары оқушыға да, оқу материалын игеруде қиындықтары бар оқушыларға да, сондай-ақ, «дамымай қалуына» жол бермеу үшін де қажет.

2020-2021 оқу жылында қазақстандық мектептердің барлығы аралас оқыту форматын белсенді енгізетін болады және географиялық шекаралар жойылып, әрбір оқушы, оның ішінде ауыл мектебінің оқушысы, ең үздік педагогтар мен үздік мектептерді онлайн форматта таңдауына және білім алуға мүмкіндігі болады деп ойлаймын.

 Орталық біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеумен, оларды жүзеге асыру үшін тренер құрамын дайындаумен, мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесінің басшылары мен педагогтарын, ЖОО және колледждердің оқытушыларын, білім беру мекемелері мен бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерін оқытумен және әдістемелік қолдаумен айналысады. Сонымен қатар, педагогтарға арналған әдістемелік құралдар мен халықаралық мәртебесі бар журнал дайындап басады, үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Айта кетерлігі, соңғы екі жылда біздің Орталықтың 8 бағдарламасы ACQUIN аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету Институтында (Германия) сапаның халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаттаудан өтті. Біз білім беру өнімдерімізді елімізден тыс жерлерде де іске асыруды қолға алдық. Атап айтсақ, біз екі жыл қатарынан Ресей және Түркіменстан мектептері мен колледждерінің мұғалімдерін оқытып келеміз.


Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
09 сәуір 2020 г. 2 030 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 227 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031