» » Семейдегі Зияткерлік мектеп қашықтықтан оқытуға кірісті

Семейдегі Зияткерлік мектеп қашықтықтан оқытуға кірісті

2020 жылдың 6 сәуірінен бастап еліміздегі өзге білім беру мекемелері сынды Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі 626 бала қашықтықтан оқуға көшті. Оларға 123 педагог дәріс беруде.

- Біз отандық білім беру жүйесіндегі жаңа тәсілге қажетті деңгейде әзірлендік. Зияткерлік мектептері оқушыларының қашықтықтан оқулары үшін Microsoft Teams бағдарламасында арнайы онлайн сыныптары ашылып, негізгі пәндер бойынша сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар шәкірттеріміздің жеке консультациялар алуына да мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты мектебімізде ағымдағы жылдың 30 наурызы мен 2 сәуірі аралығында қашықтықтан оқытудан сынақ сабақтары өткізілді. Сабақ уақыты кезінде мектебіміздің барлық педагогикалық құрамы мен оқушылары байланысқа шығып, Teams платформасына қосылды. Мұғалімдеріміз қашықтықтан сабақ өткізу туралы ұсыныстарымен бөліссе, кураторларымыз оқушыларымыздың осы сабақтарға қатысуын қадағалады. Қашықтан оқыту сабақтарын мектеп әкімшілігі Teams алаңында бақылап, қажетті кеңестерін берді, - дейді мектеп директоры Бағдан Қайыржанов.

Сыныптар Microsoft Teams қосымшасындағы барлық пәндер үшін құрылды, онда дербес жұмысқа жүктелген тапсырмаларды, тапсырмаларды орындау кестесін, ресурстарды, сонымен қатар тексерілген жұмыс нәтижелерін және оқытушының пікірлерін көруге болады.

Бұдан бөлек, оқу жоспарларын тиімді жүзеге асыру үшін мұғалімдерді қолдау мен оқушыларға психологиялық көмек беретін call орталығы жұмыс жасайды.

- Бүгін алғашқы онлайн сабақ өтті. Бұған дейін мектеп директоры ата-аналар үшін онлайн жиналыс өткізіп, бізді мазалаған көптеген сауалдарға жауап алған болатынбыз. Сондықтан барлық білім мекемелерінде  қолға алынған жүйе жайлы хабардармыз. Алғашқы күн жақсы өтті. Ешқандай келеңсіздік болмаса қиындық байқамадық. Бағыт-бағдар беруші мұғалімдердің де айтқаны әр балаға жетті деп ойлаймын. Дегенмен  әр оқушы өз жауапкершілігін сезініп, ата-ана баласының сабағын қадағалауға уақыт бөлуі тиіс деп ойлаймын, -дейді Нұргүл Садықова есімді ата-ана.

Негізгі міндет - қашықтықтан білім беру жағдайында балаларға жағдай жасау. Ендеше ортақ міндетті жүзеге асыруда бірлесе үлес қосқанымыз абзал.

Дереккөз: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі, 

"EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі

08 сәуір 2020 г. 1 516 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 558 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930