Ардагерлер –ардағым
Қазақ – дария кеуде қариясын сыйлаған ұлт. «Қарты бар үйдің –қазынасы бар» дейді біздің халық. Расында да, аға буын – тәлім мен тәрбиенің, ұлылық пен ұстамдылықтың, парасаттылық пен байсалдылықтың символы. Алдыңғы толқын ағаларға ілтипат көрсету біздің буынның міндеті, борышы. Үлкенді сыйлаған ұлтымыздың осы бір ерекшелігін жаңғыртып, өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен Nur Otan партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» атты әлеуметтік жобасына қолдау көрсетіп, игілікті істен шет қалмауды мақсат тұттып, институт ардагердерін мерекемен құттықтауды жөн көрдік. Дана халқымыз айтқандай «Қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя», – демекші ақылдың кенін арқалаған, біліктілікті арттыру саласының ардагерлері – біздің қазынамыз.
Алдымызда үлкен мереке Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз –жыл бастауы. Біз әрдайым үлкенге құрмет көрсетуді естен шығармаймыз. Тек осы күні ғана емес, Аға буынға деген құрмет, ыстық ілтипат ғасырдан - ғасырға жалғаса бермек.
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірім дей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған!!!
«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»
кафедрасының аға оқытушысы С.О.Жолшыбекова