» » ӨРЛЕУМЕН БіРЛЕСКЕН БІР ЖҰМЫС!

ӨРЛЕУМЕН БіРЛЕСКЕН БІР ЖҰМЫС!

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ қызметкерлері  Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша қазіргі кезде жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыстардың болашақ ұстаздар тәрбиелеп, білім беріп отырған жоғары оқу орындарына берері көп. Еліміздің ертеңі жастар десек, осы жастардың алатын білімдеріне кеңінен жол ашары анық.

13.01.2021 күні «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ мен Silkway Халықаралық университетімен  бірлесіп «Жаңартылған  білім бағдарламасы –жаңашылдықтың бастауы» тақырыбында гуманитарлық пәндер бойынша шебер-сынып өткізді. «Инновациалық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының тренерлері  жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі аспектілері туралы ақпарат, мұғалімдерге сабақ жоспарлау және сабақ беруге көмектесетін ресурстар, оқулықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешенін қолдану, жүйелі-әдістемелік кешенді пайдалану және критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша ақпараттармен кеңінен таныстырды.

Сонымен қатар, біліктілікті арттыру курсы барысында өткізілетін ықшамсабақтар арқылы мұғалімдердің бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған

жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлеуге мүмкіндігі кең екендігінен мағлұматтар берді. 


Автор:

Ф.К.Керимбекова,

«Инновациалық білім беру және

ақпараттық технологиялар» кафедрасы

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 045 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031