» » Мәслихат мақсаты - шаһар тұрғындарымен тығыз байланыс орнату

Мәслихат мақсаты - шаһар тұрғындарымен тығыз байланыс орнату

Өткен жыл барша әлемді дүрбелеңге салған коронавирус індетіне байланысты оңайға соқпады. Әлемдік пандемия еліміздің экономикасына орасан зор зиян келтірді әлі де ықпал етуде. Биылғы жыл үлкен саяси науқанмен басталғаны, «Nur Otan» партиясының халықтың үлкен қолдауына ие болғаны көпшілікке аян. Қазіргі таңда партияның Алматы қаласына байланысты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары қызу түрде жүріп жатыр. Мәслихат мақсаты - шаһар тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, олардың өтініштерін ескере отырып, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу, жалпы қаланың уақыт талабына сай дамуына жағдай жасау. Алматы қалалық мәслихаты 7 түрлі бағыттағы тұрақты комиссияларға бөлініп жұмыс жасайды. Сол комиссиялар ішіндегі өзім төрағалық етіп отырған Әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы жөнінде бірер ауыз сөз қозғамақпын.

«Nur Otan» партиясының Алматы қаласына байланысты сайлауалды бағдарламасында қаланың даму драйверлері ретінде мынадай бағыттар көрсетілген.

1. Экономикалық өсу;
2. Шетсіз қала;
3. Шағын және орта бизнесті дамыту және жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету;
4. Өмір сүру жағдайларын жақсарту;
5. Сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
6. Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту;
7. Экологиялық жағдайды жақсарту;
8. Әлеуметтік сала (денсаулық сақтау, білім беру, кедергісіз орта);
9. Бұқаралық спортты және туризмді дамыту;
10. Қауіпсіз және «ақылды» қала;
11. Жастарға арналған қала;
12. Сенім және диалог.

Осы бағдарлама негізінде жасалған Жол картасы бойынша Әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының қарауында «Бұқаралық спорт пен туризмді  дамыту» және «Жастарға арналған қала» бағыттары бойынша 7 тармақ бар. Осы бағытта қолға алынып отырған жұмыстарға тоқталып кетейін. 

         Атап айтқанда: «Бұқаралық спорт пен туризмді дамыту» бойынша, алматылықтарды спорттық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын 75,4%-ке дейін өсіріп,  600 мыңнан аса тұрғындарды қамту, спортпен жүйелі түрде шұғылданатын қалалықтардың үлесін 33%-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.

Құжат бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары төмендегідей қарастырылған:

  • Алматы қаласы, Алатау ауданы, Рысқұлов көшесінің солтүстігіне қарай, Момышұлы көшесінің батысына қарай орналасқан жабық және ашық корттары бар теннис орталығының құрылысы;
  • Алматы қаласының Алатау, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандарында 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу.
  • Аулаларда, саябақтар мен скверлерде 97 «Workout» спорт алаңдарын орнату;
  • Тегін секцияларда балалардың спортпен шұғылдану мүмкіндіктерін кеңейту.  

«Мәдени креативті қала» бағыты бойынша. 

Мақсаты: Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

Құжат бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары төмендегідей қарастырылған: 

  • Алматының барлық аудандарында «шетсіз қала» қағидаты бойынша 8 жастар ресурстық орталығының жұмыс істеуі;
  • 7 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастардың бос уақытын тегін негізде сапалы өткізу үшін қаланың 200 Демалыс орталықтарын құру;
  • Жастарды жұмыспен қамту мәселелерінде көмек көрсету бойынша «Self-Made» жобасын іске асыру;
  • саны 1000 адамнан кем емес «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының маусымдық жұмыспен қамтылуы;
  • Жастар ортасында отбасылық құндылықтарды ілгерілету үшін «Отбасы институттары» жобасын іске асыру;
  • Дағдарыс жағдайында қалған жас отбасыларға арналған сенім кабинеттерінің жұмыс істеуі;
  • «Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары» жалпықалалық акциясын өткізу;
  • Шығармашылық жастарды қолдау үшін КВН ойындары мен дебат ойындарын өткізу;
  •  Басқа жақтан келген жастарды әлеуметтік бейімдеу үшін «Дүйсенбілік спорт» жобасын іске асыру;
  • Қалада волонтерлік қызметті дамыту үшін «Ashyq júrek» және «Алматы қаласының волонтерлік корпусы» жобаларын іске асыру;
  • «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру арқылы колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға көмектесу.

Сондай-ақ жастар мәселесінде «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы аясында жыл сайын жастарды 1000 пәтермен қамтамасыз ету, жас мамандарды «Жастар практикасы», «Жасыл ел» бағдарламалары арқылы жұмысқа орналастыру мәселелері қамтылған. Бұл жұмыстардың сапалы атқарылуын қамтамасыз ету үшін әріптестерімізбен, қала басшылығымен бірлескен түрде аянбай жұмыс жасаймыз деп сенемін.

 Алматы қалалық мәслихатының депутаты ретінде «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарын қабылдап, жұмысқа орналасу, материалдық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу сынды жеке мәселелерімен жүгінген азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру ісін қолға алдық. Қабылдауға келген азаматтармен жеке әңгімелесу барысында барлық сұрақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында түсініктемелер беріліп, қабылданған барлық өтініштер бойынша жұмыстар жасалуда. 

Автор:

Арман Жүдебаев,

Алматы қаласы мәслихатының 

Әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар 

жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері

30 наурыз 2021 г. 5 864 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031