» » «Қазақстан оқушысы-2017». Өскеменде дәстүрлі велокөпкүндік басталды

«Қазақстан оқушысы-2017». Өскеменде дәстүрлі велокөпкүндік басталды

 Дәстүрлі дейтініміз, жас ве­ло­шабандоздардың басын қосатын жарыс биыл Шығыс Қазақстанда осымен 17-інші мәрте ұйымдастырылып отыр. Білім және ғылым министрлігі, велоспорт федерациясы мен облыстық білім басқармасының мұрындық болуымен жалауы желбіреген сайысқа Өзбекстан мемлекетінен екі, еліміздің әр аймағынан 16 команда, ұзын саны 134 спортшы қатысып, дүбірлі доданың көрігін қыз­ды­руда.«Халықаралық дең­гей­дегі жарысқа қатысып келе жат­қанымызға 16 жыл болды. Шығыс Қазақстанның таулы табиғаты спорттың бұл түріне өте қолайлы. Осы жолы біз 11 жүйрігімізді баптап алып кел­дік. Олар – біздің елдің чем­пи­ондары. Әрине, жүлделі оры­н­дар үшін таласқа түсеміз. Бұл велобәйге келесі жылы өтетін Азия чемпионатына ірік­теу д­есек те болады», деді көп­күн­діктің ашылу салтана­тында сөз алған Өзбекстан құра­ма ко­ман­дасының жаттық­ты­ру­шысы Исмайлджон Каримов. Жарыстың ашылу салтана­тынан соң велошабан­доздар ұзын­дығы 64 шақырымды құ­рай­тын Самар тас жолын бетке алып, жүріп кетті. Он үшінші та­мызға дейін жалғасатын бәс­еке аясында оқушылар 7 бағыт бойынша облыстың әр аумағында бағы мен бабын байқап көретін болады. Ерекше атап өтер жайт, жа­рыс басталардан бір күн бұ­рын осындай дүбірлі дода­лар­ға кезінде өзі де қатысқан, әлі де ара-тұра шайтан арба те­буге уақыт тауып жүретін об­лыс әкімі Даниал Ахметов сай­ысқа сайланып келген үздік 30 велошабандозбен бірге 25 шақырымға ж­уық жерді жүріп өтті. «Қазақ­стан оқу­шы­сы-2017» вело­жа­ры­сының ма­ңызы зор. Мұндай сайыстар жас ұрпақтың шымыр да қайратты, денінің сау болып өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Бұл жарысқа кезінде өзім де бірнеше мәрте қатысқанмын, қазір міне балғын спортшылармен бірге бірнеше шақырымды басып өттім. Деңгейі жоғары спорт­тық шараға Өзбекстан ко­ман­дасының да қатысып жат­қанына қуаныштымыз. Дү­бір­лі додада барлық вело­ша­бандоздарға тек сәттілік тілей­мін», − дейді бір мезет кастюмін спорттық формамен алмастырып, жастарға үлгі көрсеткен аймақ басшысы.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

08 тамыз 2017 г. 1 441 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 586 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930